Отбасы – елдің тірегі
Отбасы – қоғамның негізі, елдің тірегі. Адам өміріндегі ең қасиетті, еңқымбат ұғымдардың бірі – отбасы. Өйткені адам алғаш рет жылылық пен мейірімді осы отбасынан сезінеді. Әке-шешенің қамқорлығы, ата-ананыңтәрбиесі – баланың өмір жолындағы бағыт-бағдары. Қазақ халқы ежелден отбасы құндылығына ерекше мән берген. «Отан – отбасынан басталады» деген нақыл сөз соның айғағы. Отбасы – кішігірім мемлекет. Онда сыйластық пен сүйіспеншілік болса, қоғамда да татулық пен тұрақтылық орнайды. Имам әл-Ғазали (р.а.) былай деген:
«Бала – ата-ананың аманаты. Оның жүрегі таза, асыл гауһар сияқты. Егер жақсыға үйретсең, ол жақсылыққа бет бұрады. Ал егер қараусызқалдырсаң, жамандыққа бейім болады».
Бұл сөз әрбір ата-ананың жауапкершілігін көрсетеді. Тәрбиелі отбасы – елдің болашағының кепілі. Құран Кәрімде Алла Тағала отбасылық өмірді аса қадірлі еткен.
Алла Тағала былай дейді:
«Ол сендер үшін өздеріңнен жұбайлар жаратты, сол арқылытыныштық табасыңдар. Араларыңа сүйіспеншілік пен мейірім орнатты. Расында, ойланған елге мұнда белгілер бар». (Рум сүресі, 21-аят)
Бұл аятта ер мен әйелдің арасындағы сүйіспеншілік пен түсіністіктің отбасылық өмірдің негізі екені баяндалған. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) хадисінде: «Сендердің ең жақсыларың – отбасына жақсы болғандарың. Ал мен – өз отбасына ең жақсы болған адаммын». (Тирмизи риуаят еткен) Яғни, жақсы мұсылман болудың бір өлшемі – өз отбасына қамқорлық, жылы қарым-қатынас жасау. Тағы бір хадисте: «Кімнің үйінде бала болса, сонымен бала сияқты болсын» – деген. Бұл хадис ата-ананың баламен мейіріммен, түсіністікпен қарым-қатынас орнатуы қажеттігін білдіреді. Әке – отбасының тірегі, жауапкершілігі зор тұлға. Ана – шаңырақтың шуағы, мейірім мен махаббаттың символы. Әбу Хамид әл-Ғазали тағы да айтады: «Әке өз баласының алғашқы ұстазы, ал ана – оның жүрегіне иманның дәнін егуші». Қазақ халқы да бұл ақиқатты ежелден түсінгендіктен: «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», «Ана – өмірдің шуағы, әке – тіршіліктің тұрағы» – деген халық даналығы болашақ ұрпаққа үлгі етіп қалдырған. Ата-ана баласына тек материалдық емес, рухани азық та беруге тиіс. Адам өміріндегі ең үлкен ұстаз – өз ата-анасы. Татулығы мен бірлігі жарасқан отбасы – қоғамның көркі. Егер әршаңырақта бейбітшілік, түсіністік, сабыр мен сыйластық болса, мемлекет те берекелі болады. Хакім Абай да отбасылық татулықтың, сүйіспеншіліктің маңызынерекше атап өткен: «Ата–ана баласына мал–мүлкін қалдырғанша, өнегелі тәрбиеқалдырсын» – дейді. Бұл сөздің астарында ұлт болашағын тәрбиелеу жауапкершілігі жатыр. Исламда отбасы – қасиетті мекен. Ол – тыныштықтың, сүйіспеншіліктіңжәне иманның ордасы. Имам Нәуауи айтқан: «Үй ішінің амандығы – жүректің тыныштығы. Үйінде тыныштықтапқан адам ғана қоғамға пайда әкеледі». Сондықтан отбасындағы рухани тәрбие – ұлттың іргетасы. Адам өз отбасында сабырды, кешірімділікті және сыйластықты үйренсе, сол қасиеттер қоғамда да көрініс табады. Отбасы – елдің тірегі, ұлттың негізі. Отбасы берік болса, мемлекет те мықты болады. Әрбір азамат өз шаңырағында сүйіспеншілік пен мейірім орнатуға, балаларын иманды, парасатты, еңбекқор етіп тәрбиелеуге міндетті. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде айтылғандай: «Әрбірің – шопан бақташысыңдар және әрбірің қарамағыңдағы үшінжауаптысыңдар». (Бұхари риуаят еткен) Демек, ата-ана – өз отбасының бақташысы. Отбасын сақтау – елді сақтаумен тең. Сол себепті әрбір отбасы – қоғамның бір мызғымас терегі екенін түсінуі керек.
Қаскелең қалалық «Әзірет Омар» мешітінің имамы
Нұрбосынов Ғани Бейсенұлы

