Ораза ұстаушыға берілетін хикметтер
Жаратушы Алла тағала қасиетті Рамазан айында пенделеріне оразаны парыз етумен қатар шексіз нығметтерді қоса нәсіп қойды. Ол жайлы «Зүмәр» сүресі, 10-аятында: «Шын мәнінде, сабыр етушілерге сыйлықтары есепсіз беріледі» , – делінеді. Яғни, ол нығметтерді біз шектеулі ақылымызбен толыққанды түсіне алмауымыз мүмкін. Ал оның негізгі мәнін жіті түсінген ақыл иелері ғана ұғына алады. Ендеше, ораза ұстаушыларға берілетін ең маңызды деген хикметтерді тарқатып көрелік.
Көп жағдайға бұл айда бізге берілген сауаптардың еселенетінін, жәннат қақпалары айқара ашылып, тозақ есіктері жабылатынын және де нәпсімізді тәрбиеленетінін хадистер мен сенімді хабарлардан таныс екендігін білеміз. Одан бөлек біз саналы түрде ойлана бермейтін жайттарға тоқтала кетсек деймін.
Ең әуелі, Рамазан – Құран түсірілген ай. Құран – адамдарға тура жолды айқын дәлелдермен көрсететін, ақ пен қараны ажырататын кітап. Раббымыз тарапынан түсірілген өмір сүру инструкциясы. Егер біздің өмірімізде Құран болмаса, көптеген хаус болар еді. Жаман дегенұғымдардың барлығын қалыпты деп қабылдап, дүние балансы бұзылар еді. Мысалы, сау ақылы бар адам қабылдай алмайтын кісі өлтіру, зина жасау секілді қылмыстардың өзін дұрыс санап, азғындықтың шегіне жетер едік. Демек, Құран арқылы көркемдікті, әдемілікті, кемелділікті үйренеміз. Бұны түсінудің өзі үлкен нығмет.
Екіншіден, ораза уақыты қоғамда да, адамның жеке өмірінде де өзгерістерге себеп болып, нәпсімізді тәрбиелеуде, Алла тағаланың көркем есімдерін, ұлы сипаттарын тануда көптеген өзгерістерге жол ашады. Біз таңнан кешке дейін жай су мен астан бас тартып, уақыт өткізіп жатқандай болып, байқамай жатсақта Рамазанның берекеті барлық жерде көрініс табады.
Үшінші хикметі, ораза адамға «Алла бәрін көріп тұр» деген сенімді жүрекке шынайы отырғызуға септігін тигізеді. Ол қалай десеңіз, мәнісі мынада. Ораза кезінде аш жүресіз, өзіңізге тиесілі адал етілген астың өзін жей алмайсыз. Жалғыз қалсаң да оны жемейсің. Өйткені, «Алла көріп тұр ғой» деген сенім сізді арық әрекетке апармайды. Ал шындыққа тура қарасақ, біз басқа Рамазаннан тыс уақыттарда күнәларды тартынбай жасай береміз, Алла көріп тұрғанын білсек те қысылмаймыз, ал оразада халал астың өзін жеуден бас тартып, риясыз Раббыңның әрдайым сені бақылап тұрғанын сездіріп, жүрегімізге кіргізеді. «Алла мені көріп тұр» деген сенім тақуалықтың биігі. Ал адам ооны ораза тұтқан кезде ғана шынайы сезіне екен.
Төртіншіден, оразаны жәй ұстай салған адамның өзі де Алланың рахымынан құр қалмайды. Яғни, қандай ниетпен бастап ұстасаңыз да соңында шынайы шүкірлікке жетесіз. Мысалы, күнделікті жеп жүрген тағамызға пенделікпен ұмытып әр сәт сайын шүкірлік айтпауымыз мүмкін, бірақ Рамазанда ауыз ашқан сәтте қаншама шөл мен аштықтан соң татқан дәмге теріңіз бұрқ ете қалған кезде адам ерікіз «әлһамдулилла» дейді. Тіпті пенде тілмен шүкірлік айтуды ұмытса да, оның ішкі хәлі айтып тұрады. Одан бөлек, адам оразадан тыс уақытында қалаған дүниесін тоңазтқыштан ашып жей салады, ал ораза да олай емес. Сол себепті адам нығметтің барлығын қалаған уақытында ала алматынын, Алла Тағала бергенде ғана ол нығметке қол жеткізетінін және түсінеді.
Бесіншіден, адамға байлық келсе, оның нәпсісі өсіп, Раббысын танымастан, яғни Құдайдан бөлінуді қалап тұрады. Бәрін өзі иемденіп, бәрін басқаруды қалап тұрады. Ал енді осы нәпсінің сондай қалауын ораза ғана басады. Оны былай түсіндіріп көрейік. Аузың берік уақытта қолыңда миллион ақшаң ақшаң болса да, бәрін сатып алып, қалаған сәтте жей бере алмайсың. Қанша бай болсаң да, бәрібір ауыз ашар сәтін, яғни Алланыңәмір еткен уақытын күтесің. Демек, Рамазан сен қаласаң да қаламасаң да нәпсіңді тәрбиелеуге бағыттайтын ай. Бай болсаң да, кедей болсаң да бір үзім нанның өзін тата алмайтыныңды сезіп сабаңа түсесің. Ораза пенделердің бәрін бірдей дәрежеге түсіреді.
Сонымен қатар, ең соңғы алыншы хикметі– пенденің әлсіз екендігін есіне түсіреді. Адам он бір айда ғапылдықта жүреді . Күнә–қателіктерге бой алдырып, өлімді, ақыретті, тіпті Алланы да ұмытып жатамыз. Ал Рамазанда ас–ауқат алқымыңнан өтпеген соң әлсіреп, салбырап қалып әлсіздігіңді сезесің. Яғни, оразада Алла Тағала пендесіне оның әлсіз екендігін, Өзінің ғана шексіз құдыретті әрі құлдарының Өзіне ғана мұқтаж екендігін ұқтырады.
Оразада пенделер ұтылыста болмайды. Алланың берген әр нығметін барынша ұғына бастайды. Сол себепті ораза тұтушы жандар Жаратушының ең ұлы мархабатына ие болушылар есек артық айтқандық емес.
Алматы облысы Қарасай ауданы “Құртқа” мешітінің имамы
Жақсымбет Нұрислам Қыдыралыұлы


