preloader

Жаңалықтар

«Тайқазан» қайырымдылық шарасы өтті

«Тайқазан» қайырымдылық шарасы өтті

Алматы облысы Қарасай ауданында «Тайқазан» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға, мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді. Игі шараға Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы арнайы қатысып, жиналған көпшілікке ізгі тілегін жеткізді. Шарада мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттері үлестіріліп, қайырымдылықтың маңызы кеңінен насихатталды.

Бас имам өз сөзінде қайырымдылық – халқымыздың сан ғасырлық дәстүрі екенін атап өтіп, мұндай игі бастамалар қоғамдағы бірлік пен жанашырлықты арттыра түсетінін жеткізді. Сондай-ақ, ел ішінде мейірімділік пен өзара көмек мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.

«Тайқазан» шарасы аясында мешіт қызметкерлері мен еріктілер белсенділік танытып, халыққа қызмет етудің жарқын үлгісін көрсетті.

Береке мен бірлікке үндейтін бұл қайырымдылық шарасы алдағы уақытта да жалғасын табады деп күтілуде.