preloader

Жаңалықтар

Үшқоңыр медресе-колледжінде қорытынды аттестаттау өтті

Үшқоңыр медресе-колледжінде қорытынды аттестаттау өтті

2025–2026 оқу жылының аяқталуына орай Үшқоңыр медресе-колледжінің бітіруші курс студенттері мемлекеттік қорытынды аттестаттаудан өтті.

Қорытынды емтиханға ерлер және қыздар бөлімдерінің түлектері қатысып, оқу барысында игерген білімдері мен даярлық деңгейлерін көрсетті. Аттестаттау жұмыстары белгіленген талаптарға сай ұйымдастырылып, комиссия мүшелері тарапынан әділ бағаланды. Емтихан комиссиясының құрамында  ҚМДБ-ның діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі  Хасан Ташайұлы, Үшқоңыр медресе-колледжінің директоры Мәди Таттибайұлы, Қарасай аудандық “Түркістан-1” мешітінің бас имамы Дәуренбек Жандосұлы және  ҚМДБ діни білім және кадр дайындау бөлімінің маманы Олжас Исмаилов болды.

Емтихан барысында түлектер діни пәндер мен жалпы білім беру бағыттары бойынша теориялық білімдерін сарапқа салып, қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді. Комиссия мүшелері студенттердің дайындық деңгейіне оң бағасын беріп, алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.