preloader

Жаңалықтар

«ШАРИФ» МЕШІТІНЕ ЖАҢА КІЛЕМ УАҚЫП ЕТІЛДІ

«ШАРИФ» МЕШІТІНЕ ЖАҢА КІЛЕМ УАҚЫП ЕТІЛДІ

Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесағаш ауылындағы «Шариф» мешітіне жомарт жандар тарапынан жаңа кілем уақып етілді. Мешіттің намаз оқитын залына жалпы көлемі 130 шаршы метр кілем төселіп, құлшылық үйінің көркі ажарлана түсті.

Ислам дінінде уақып – Алла разылығы үшін мал-мүлікті игілік жолына арнау. Мешітке қажетті кілем, төсеніш және басқа да жабдықтарды алып беру – діни уақыптың түріне жатады. Уақып – сауабы үзілмейтін садақаның бір түрі.

Осы игі іске себепкер болған жомарт жандарға Алла Тағала разы болып, кәсіптеріне береке, отбасыларына амандық берсін! Жамағат игілігіне бағытталған осындай сауапты бастамалар көбейіп, уақып мәдениеті қоғамымызда кеңінен қанат жая бергей!