Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді
Халықаралық қарттар күніне орай Жамбыл аудандық «Шынасыл» мешітінде мешітке тұрақты түрде келіп, жамағатқа үлгі болып жүрген ақсақалдарға арнайы құрмет көрсетілді. Ізгі шара барысында ардақты қарияларға арнап ақ дастархан жайылып, батагөй ақсақалдарға құрмет көрсетіліп, шапан жабылды. Сонымен қатар, Жамбыл ауданының бас имамы Бақыт Абдиисламұлының атынан арнайы «Алғыс хаттар» табысталып, сый-сияпаттар ұсынылды. Жиында ақсақалдардың ел бірлігі мен ұрпақ тәрбиесіне қосып жүрген үлесі ерекше аталып, олардың өнегелі өмір жолы мен ақыл-кеңесінің кейінгі буын үшін маңызы айтылды.
Қариясын құрметтеген елдің – ырысы артып, берекесі тасиды.
Алла Тағала барша қарияларымызға ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, отбасыларына амандық пен береке нәсіп етсін!


