АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ: ҚАРАСАЙ АУДАНДЫҚ «ТҮРКІСТАН-1» МЕШІТІНЕ ЖАҢА БАС ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
ҚМДБ-ның 2026 жылғы 8 қазандағы №4000 бұйрығына сәйкес, бұған дейін Алматы облысы Алатау қалалық «Қожа Ахмед Яссауи» мешітінің бас имамы қызметін атқарған Қуаныш Жұмахан 2026 жылғы 9 қазаннан бастап Қарасай аудандық «Түркістан-1» мешітінің бас имамы болып тағайындалды. Жаңадан тағайындалған бас имамды мешіт жамағатына Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінің наиб имамы Мейрамбек Ақылбекұлы таныстырып, жауапты қызметіне сәттілік тілеп, ізгі тілегін білдірді.
Сондай-ақ Мейрамбек Ақылбекұлы мешітте «Адал еңбек – береке кілті» тақырыбында жұма уағызын жүргізді. Уағыз барысында адал еңбек етудің маңыздылығы, маңдай термен табыс табудың қадір-қасиеті және кәсіпте адалдық пен жауапкершілікті сақтау мәселелері кеңінен насихатталды.
Сонымен қатар ҚМДБ-ның 2026 жылғы 8 қазандағы №3999 бұйрығына сәйкес, бұған дейін аталған мешіттің бас имамы қызметін атқарған Дәуренбек Жандосұлының «Үшқоңыр» медресе-колледжінің директоры ретіндегі қызметі сақталды.
Алматы облысы өкілдігі Қуаныш Жұмаханға жаңа қызметінде табыс, дін жолындағы еңбегіне береке тілеп, Дәуренбек Жандосұлына осы уақытқа дейін атқарған қызметі үшін алғыс білдіреді.


