ҚАРАСАЙДА МЕШІТ ЖАСТАРЫ АРАСЫНДА ТУРНИР ӨТТІ
18 қазан – Рухани келісім күніне орай Алматы облысы Қарасай ауданында мешіт жастары арасында футболдан турнир ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында бірлік пен ынтымақты нығайту, бауырмалдық пен өзара сыйластықты арттыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау.
Тартысты өткен жарыста қатысушылар спорттық шеберліктерін көрсетіп, өзара құрмет пен ауызбіршіліктің үлгісін танытты. Турнир жастардың басын қосып, достық қарым-қатынасты нығайтуға және рухани құндылықтарды дәріптеуге жол ашты.
Бірлік бар жерде – береке бар. Осындай игі бастамалар өскелең ұрпақты ынтымаққа үндеп, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайтуға қызмет етеді.
Алла Тағала елімізге амандық, жерімізге тыныштық, халқымызға бірлік пен береке нәсіп етсін!


