ТАЛҒАР МЕШІТТЕРІНДЕ «ПӘТУА САҒАТЫ» ӨТКІЗІЛУДЕ
ҚМДБ-ның діни-ағарту жұмыстары аясында Алматы облысы, Талғар ауданы мешіттерінде жамағатқа арналған «Пәтуа сағаты» тұрақты түрде өткізілуде.
Қазан айында имамдар ҚМДБ-ның «Муфтият баспасы» баспасынан жарық көрген «Пәтуалар жинағының» бесінші кітабындағы өзекті діни үкімдерді жамағатқа түсіндірді. Атап айтқанда, төмендегі бес тақырып қамтылды:
1. Лудоманияның (ойынқұмарлықтың) шариғи үкімі;
2. Интернет-дүкен арқылы сауда жасаудың үкімі;
3. Ақшаның құнсыздануына байланысты қарызды қайтару үкімі;
4. Мешітте екінші рет жамағатпен намаз оқудың үкімі;
5. Кешбэк пен дисконт карталарын қолданудың үкімі.
Шараның мақсаты – жамағаттың діни сауатын арттырып, күнделікті өмірде туындайтын мәселелерге ҚМДБ пәтуалары негізінде түсінік беру.
«Пәтуа сағаты» – жамағаттың діни білімін жетілдіруге және шариғи үкімдерді дұрыс түсінуіне бағытталған маңызды ағартушылық шара.


