ІЛЕ АУДАНЫНДА МЕШІТ ЖАМАҒАТТАРЫ АРАСЫНДА СПОРТТЫҚ САЙЫС ӨТТІ
Алматы облысы Іле ауданы Байсерке ауылдық «Хайыр Ихсан» мешітінің ұйымдастыруымен аудан мешіттерінің жамағаттары арасында ұлттық және сүннетке сай спорт түрлерінен сайыс өткізілді. Аталған шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Жастар ісі» секторы мен «Дін мен дәстүр» және «Отбасы» бағыттары аясында ұйымдастырылды. Сайыстың негізгі мақсаты – мешіт жамағатын салауатты өмір салтына баулу, спортқа деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жамағат арасындағы бауырмалдық пен өзара ынтымақтастықты нығайту. Спорттық дода барысында ауданға қарасты мешіттердің жамағаттары қол күресі, турникке тартылу және гір тасын көтеру бойынша өзара бақ сынасты. Қатысушылар күш-жігері мен ептілігін көрсетіп, тартысты бәсекеде белсенділік танытты.
Сайыс қорытындысында үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы сыйлықтар табысталды. Аталған спорттық шара жамағат арасындағы бірлік пен бауырмалдықты арттыруға, жастарды спортпен шұғылдануға ынталандыруға және ұлттық спорт түрлерін насихаттауға бағытталды.


