ТАЛҒАРДА ҚҰРАН ЖӘНЕ ТӘЖУИД КУРСЫ ЖАЛҒАСУДА
Алматы облысының Талғар ауданында ҚМДБ-ның Діни оқу-ағарту бағыты аясында «Құран секторы» жоспарына сәйкес Құран және тәжуид курсының кезекті дәрісі өтті. Білім жетілдіру дәрісіне жамағат намазына имамдық ететін 20 дін қызметкері, соның ішінде имамдар, наиб имамдар қатысты. Курстың мақсаты – дін қызметкерлерінің Құран оқу шеберлігін жетілдіру және тәжуид ережелерін дұрыс қолдану дағдыларын нығайту.


