preloader

Жаңалықтар

БАЛҚАШ АУДАНЫНДА ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

БАЛҚАШ АУДАНЫНДА ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Балқаш аудандық «Оспанқожа ата» мешітінде ҚМДБ-ның «Діни оқу-ағарту» бағытының «Құран секторы» аясында аудан имамдарына арналған білім жетілдіру семинары өтті. Семинарды Алматы облысы бойынша «Құран секторының» жауапты маманы Әбдіқадыр Ақжол Нұрбосынұлы жүргізді. Оған Балқаш ауданының бас имамы Төрежанов Нұрдәулет Тоқанұлы және ауданға қарасты мешіттердің дін қызметкерлері қатысты. Семинар барысында жамағат намазына имамдық ететін дін қызметкерлерінің Құран оқу және тәжуид ілімі бойынша білімдерін жетілдіруге ерекше назар аударылды. Сондай-ақ Құран Кәрімді дұрыс оқу және тәжуид ережелерін сақтау мәселелері түсіндірілді. Аталған семинар дін қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға, Құран оқу шеберлігін жетілдіруге және діни оқу-ағарту жұмыстарының сапасын жақсартуға бағытталды.