preloader

Жаңалықтар

ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНА ЖАҢА БАС ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНА ЖАҢА БАС ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Алматы облысының Еңбекшіқазақ аудандық «Имам Мұхаммед» мешітінде жаңа бас имамды таныстыру рәсімі өтті.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының 2026 жылғы 19 қарашадағы бұйрығына сәйкес, бұған дейін Райымбек ауданының бас имамы қызметін атқарған Нұрсұлтан Бөлекбаев Еңбекшіқазақ ауданының бас имамы болып тағайындалды.

Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінің наиб имамы Мейрамбек Ақылбекұлы аудандық «Имам Мұхаммед» мешітінде Бас мүфтидің бұйрығын оқып, жаңадан тағайындалған бас имамды мешіт жамағатына таныстырды.

Сонымен қатар аудан әкімдігіне арнайы барып, жаңа бас имамды Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Сарабекұлы Сарабековке таныстырды.

Осы орайда Мейрамбек Ақылбекұлы «Көрші ақысы және қоғамдық қарым-қатынас әдебі» тақырыбында жұма уағызын айтты. Уағыз барысында Ислам дініндегі көрші ақысының маңызы, өзара сыйластық, қоғамдық қарым-қатынас әдебі, татулық пен бірлікті сақтау жөнінде насихат айтылды. Сондай-ақ көршімен жақсы қарым-қатынаста болу, мұқтаж жандарға қол ұшын созу және айналадағы адамдарға құрмет көрсету мұсылманның көркем мінезінің көрінісі екені түсіндірілді.