preloader

Жаңалықтар

ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА «ҚАСИЕТТІ ҚҰРАН – ҚАСТЕРЛІ МҰРА» АТТЫ ҚҰРАН БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА «ҚАСИЕТТІ ҚҰРАН – ҚАСТЕРЛІ МҰРА» АТТЫ ҚҰРАН БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылындағы «Рахым» мешітінде «Сәт» мешітінің ұйытқы болуымен, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрт бағыттық жұмысының бірі – «Діни оқу-ағарту» бағыты аясында аудан мешіттерінің 7–15 жас аралығындағы шәкірттері арасында «Қасиетті Құран – қастерлі мұра» атты Құран байқауы ұйымдастырылды. Рухани шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың қасиетті Құран Кәрімге деген сүйіспеншілігін арттыру, Құран оқуға деген ынтасын ояту, жаттаған сүрелерін бекемдеп, діни білімдерін жетілдіру. Байқаудың ашылу салтанатында Жамбыл аудандық «Шынасыл» мешітінің бас имамы Тойчибаев Бақыт Абдиисламұлы ізгі шараның маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар «Сәт» мешітінің бас имамы, қазыналы қартымыз Серік Ыбытаев жас шәкірттерге ақ батасын беріп, Құран жолындағы ізденістеріне береке тіледі.

Аталмыш байқау екі номинация бойынша өткізілді. Бірінші номинацияда шәкірттер «Мутаффифин» сүресінен «Нәс» сүресіне дейінгі сүрелерді жатқа оқудан бақ сынаса, екінші номинацияда Құран Кәрімнің 29 және 30-паралары бойынша өзара сайысқа түсті.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші номинацияның жеңімпаздары:

🥇 І орын – Тұңғышбай Дамир (70 000 теңге);

🥈 ІІ орын – Нұрғазы Солих (50 000 теңге);

🥉 ІІІ орын – Әмір Ахмет (40 000 теңге).

Ал Құран Кәрімнің 29 және 30-паралары бойынша жүлдегерлер:

🥇 І орын – Сабыр Омар (100 000 теңге);

🥈 ІІ орын – Қайымбаев Абдулхафиз (70 000 теңге);

🥉 ІІІ орын – Екпін Бағдарсын (50 000 теңге).

Шара соңында барлық қатысушы шәкірттерге арнайы сертификаттар табысталып, мерекелік дастархан жайылды.