preloader

Мақалалар

АБАҚҰЛЫ НИЯЗБЕК ҚАЖЫ

АБАҚҰЛЫ НИЯЗБЕК ҚАЖЫ

Ниязбек 1818 жылы дүниеге келіп, 1905 жылы 87 жасында өмірден өткен. Туған жері Талдықорғанның Алтынемелі болса, жатқан жері Нарынқолдың (қазіргі Райымбек ауданы) Қызылшекара ауылының солтүстік жағындағы Есекартқан сайының Текес өзеніне құяр тұсының күн шығысындағы қорымда. Қорымды ауылдағылар Ниязбек қажының атымен емес, «бай атаның қорымы» деп атайды. Бұдан әрі Буырлы жотасы басталып, оның бір сайы «Байдың сайы» деп күні бүгінге дейін аталады. Кеңес өкіметі келмеске кеткеннен кейін Сүмбе ауылындағылар Ниязбек қажының атында «Бай атаның мешітін» де тұрғызған. Бұл қажыға деген елдің құрметі десе артық емес.

Ниязбек 1895-1902 жыл аралығында бәйбішесі Бәсіремен және өзінің жақын туыстары болып келетін Солтанқұл, Жансерке, Қорғанбай және Сексенбаймен Меккеге барып қайтқан екен. Бұлардың ішінде Сексенбай бәйбішесімен екі рет Меккеге барған дейді білетіндер. Аты аталған қажылардан тараған ұрпақтар күні бүгінге дейін Сүмбе мен Қызылшекара ауылында тіршілік етсе, Ниязбектен өрбігендері де өздерін «бай ауылынанбыз» немесе «қажының ауылынанбыз» деп аталарын қадір тұтып, ата қоныстарынан алыстамаған. Қажы заманында өзі қатарлыларының ішінде ең дәулетті байы болумен қатар, бойындағы әулиелігімен елдің есінде қалған.  Дәулет пен бақ, байлық арғы аталарынан үзілмей келіпті. Жас күнінде жаңадан отау құрған шағында, көктеуден жайлауға көшер уақытында Ниязбек атамыздың сабасының астына бозторғай балапандапты.Содан әкесі Абаққа барып:

-Бозторғайды не істеймін?

-Балапандарының қанаты қатып, ұшқанға дейін көшпей отыр.- дейді әкесі. Содан балапандардың қанаты қатып, ұшқанша сол жұртта көшпей отырыпты.

Жылқысының үйірінен күндердің күнінде 3 байтал жоғалып кетеді.Іздеп жүрсе алдынан бір бұғы кезігеді.Бұғының соңына түсіп, қуа береді.Бұғы қашып орманға, қалың қарағайдың ішіне кіреді.Артынан іле-шала кірсе,бұғы көзден ғайып болады.Бірақ іздеп жүрген жоғы, яғни үш биесі сол орманның ішінде қарағайда  байлаулы тұр екен. Еншісін бөліп алып, жаңа отау құрған шағында,биелері құлындап,бие байлайды.Бүгін сауған сүті ертесі ашып кетеді.Әйелі екеуі дәмін татып,  меске құйып, әкесіне алып барады.Әкесі де «Сен биені кеше ғана байламаппа едің, қымыз әлі екі күнде ғана ішуге келеді ғой»-, деп ішін көрсе шынымен де ашыпты.Сосын баласына: «Бұныңды ешкімге айтпа, екі-үш күн шыда, сосын барып бір малыңды сойып, қымыз мұрындықты жұртқа бірақ бересің» -, дейді. Өзімен бірге туысатын Жайнақ деген ағасының балалары маза бермей қойған соң Текес жағасындағы Шұбар деген жерге көшіп кетеді.Албан ауылына бір жырау келіпті.Бір үлкен жиын болады.Сол жиында әлгі жырау Жайнақтың баласы Солтанқұлға:

Солтанқұл мырза қайдасың?

Жорға менен жүйрікті

Қатар қойып байлайсың

Ниязбектей көпестің

Албан көрді пайдасын.

Сол сөзден кейін Солтанқұл көп ұзамай бәйбішесі Зарауқа екеуі Таңнан тұрып, Ниязбек отырған жерге үйіне барып,босағада тұрады.Ниязбек атамыздың бәйбішесі таң намазына тұрып, дәрет алуға шығып келе жатып,босағада тұрған екеуін көріп, қайтіп үйге кіріп шалын оятады.Ниязбек ата шығып қараса, Солтанқұл бәйбішесімен тұрғанын көреді.Үйге кіргізіп, намазын өқып болған соң, неге келгендерін сұрайды.Сонда Солтанқұл: «Біз сізден кешірім сұрауға келдік.Бір ашуыңызды беріңіз де, елге қайтыңыз»,- дейді. «Жарайды қайтайын». — деп сол ауылдағы халыққа менің жылқыларымды қайтарыңдар деп хабар береді.Сол кезде халықтан 80 мініс ат келіп қосылыпты. Ниязбек атамызға мал да көп біткен екен.3000 жылқысы болған екен.Сүмбе өзеніне айдап әкеліп суғарғанда, су азайып қалады екен.Бірде үлкен баласы Сәрсенбай Жаркентке көрші ауылдан Қошқардан Жәмеңке тағы басқа адамдармен жиналысқа барады.Жаркентте атақты бай саудагер Уәлибайдың үйіне барып қонады.Сонда Уәлибайдың бір ішігі, яғни тоны бар екен.Осы ішікті сатамын, алатындарың бар ма?,-деп сұрағанда, қонақтардың ішінен Жәмеңке сөйлейді: Бұл ішікті Ниязбек байдың баласы Сәрсенбай алады.Әкесіне 3000 жылқы біткен.Біздің шамамыз келмейді,-дейді.Ішікті алдына алып келіп көрсетеді.Бағасы қанша деп сұраса, 100 ат тұрады дейді.Сәрсенбайдың жуастығын пайдаланып ішікті бүктеп, атының артына бөктеріп береді.Ауылға қайтіп бірден әкесіне келеді.Әкесі үйде отырып бәрін біліп отырады.Болды жарайды алған екенсің, үйге бере сал-, деп ашуланбаған екен.Сөйтіп 100 атқа 1 ішік алған екен.

Бата бергені жайлы.

Мырзабай деген кісінің әйелі байға жылда сыбағасын әкеліп, беріп тұрады екен.Көшкенде жұртын тазалап, Ниязбек байдың ризалығын, батасын алуды армандайды екен.Байдың бәйбішесіне өзінің бала көтере алмай жүргенін айтады.Бәйбішесі байға: Осы әйелге бір ықыласыңды білдіріп, бата берсеңші-, деп өтініш қылады.Ниязбек атамыз дәретін алып, намазын оқып болған соң, өзінің әдеті екен бір көз шырымын алып алады.Оянған соң әлгі әйелге қарап: «Құдай қаласа сен балалы боласың. Үлкеніңнің атын Жанұзақ, одан кейінгісін Бидәулет, содан кейінгісін Биұзақ, Кішіңнің атын Иман-симан қоясың» депті. Әулиелігі сол, әлі дүниеге келмеген балалардың атына дейін қойып беріпті. Сол балалардың ұрпақтары қазір бір-бір әулет болып жайылған.

 

Райымбек ауданы Сүмбе ауылы

“Ниязбек қажы” мешітінің бас имамы

Сәрсембиев Қуат