preloader

Мақалалар

ҒАПЫЛДЫҚ — АСА ҚАУІПТІ РУХАНИ ДЕРТ

ҒАПЫЛДЫҚ — АСА ҚАУІПТІ РУХАНИ ДЕРТ

Ғапылдық — оңайшылықта сезіле бермейтін, аса қауіпті рухани дерт. Тілдік тұрғыда; өкініште қалу, кеш
қалу, орайын өткізіп алу, санын соғып қалу,
бейқамдық сынды мағыналарды білдіреді. Алла Тагала Қасиетті Құранда: «Адамдардың есеп беретін күні таяды. Алайда олар ақиқаттан бет бұрған күйде ғапылдықта жур. Оларға қай кезде болмасын, Раббыларынан жаңа тарылым, нұскау яки ескерту келсе, оны мазаққа айналдырып, күле тыңдайды» — (Әнбия сүресі 1,2- аят) -деу арқылы, бұл жалғандағы ғапылдыктың бастауы Алланын хақ дінінен теріс айналу немесе селкостық танытып мән бермеу екендігін ескертеді. Шынымен де адам баласының басым көбісі бұл өмірге кұлшылық жасау максатында жаратылғанын түсінбестен, дүниенің болмашы қызығына алданып, саналы ғұмырын сарпалдаңмен өткізіп алатыны өкіншті-ақ. Бұл тұрасында Хакім Абай :
«Адам — ғапыл, дүние де менікі, Менікі деп жүргеннің бәрі — оныкі.
Таң қалып, мал да қалып, жан кеткенде, Сонда, ойла, болады не сенікі?», — деп кереметтей түйіндеген. Айтып айтпай-ақ адам баласы келетінін біле тұра бұл жалғанда мәңгі қалатындай дүние қуады. Тіпті сол қу дүниеге деген құмарлықтың кесірінен Құдайга деген құлшылығынан да кұр қалады. Әркімнің қажеттілігіне сай дүние
жинауы, оның игілігін көру, мұқтаждарға көмектесу дінімізде сауапты амалдардан болып табылады.
Алайда, дүние жүрегін жаулап, көзін шел басқан пенде сол опасыз дүниені өзіне түгел сезіне де қимай, дүниеге кұл болғанын аңдамай қалады. Міне осындай дүние қоныздықпен мәңгілік өмірдің азығы болған, қысқа өмірдегі кұлшылықтан мақұрым қалып, есіл өмірді еш өткізу қандай қасірет.

Бұл дүниенің өткінші қызығын мәңгілік өмірдің жан төзгісіз тозағына айырбастайтындардың ғапылдық хәлі хақында Қасиетті Құранда: «Тозақта жан даусы шырқырап: «Уа, Раббымыз! Бізді тозақтан шығара көр! Бұрынғы теріс амалдан аулақ болып, тек қана ізгі амалдар атқарамыз!»- дейді. Сонда оларға: «Сендерге ақыл жұмсап ойланатын адамға, гибрат аларлық (иман келтіріп, кұлшылық жасайтындай) өмір бермедік пе?
Тағы да сендерге ескертуші пайғамбар да келген еді. Енді азаптың дәмін татыңдар! Залымдар ешқандай медеткер болмайды»- делінеді. (Фатыр сүресі 37- аят)»

Аталмыш аятқа ой жүгіртіп қарайтын болсақ бұл жалғанды тек қана тіршілік күйбеңі, нәпсінің калауымен өткізіп, ақырет үшін ойланбастан Алланың алдына барған пенденің бейшаралық хәлін көреміз. Сондай бір тығырыққа тіреліп, барар жер, басар тауы қалмай жаны қысылған сәтте, өткізген ғапылдықтары ушін
бармағын шайнап, бұл дүниеге кайта келуге зар болады. Алла Тағала олардың өтінішіне қарай, сендерге ескертуші Елшілер жіберілді ғой деуден бұрын, сендерге үгіт-насихат алатын яғни өмір суретіне уакыт
бермедік пе? — деуі қандай өкінішті. Міне сондықтан бұл жалғанның бір сәтінің өзі баға жетпес байлық, мүлт жіберуге болмайтын мүмкіндік. Дана халқымыз уақытқа селқостық танытқан, қамсыз пенделерді «Ерте туып, кеш қалған», «Ақсақ кой түстен кейін маңырайды», «Кешіккен ақыл, калады ғапыл» деп әспеттеген.

Бұл дүниеде мәңгі жасайтындай, ақыретке қамсыз жүруден артық ғапылдық болмас. Дегенмен де иман келтірдік, ақыретіміз үшін азық жинап жүрміз деп арқаны кеңге салуда ғапылдыққа душар етеді. Ашығырақ айтсақ кұлшылықтың өзінде ғапылдық дертіне шалдығуымыз бек мүмкін. Айтар ойымызды айқындай түсу үшін мына бір болған оқиғаны айта кетуді жөн көрдік. Әулие Ибраһим ибн Адам (Алла рахымына алғай) бірде Бағдаттан Басараға барғанда қаумалаған көпшілік:
— Уа, Ибраһим! Басымыздан пәле арылмады. Құтыла алар емеспіз. Дұға
етеміз, бірақ қабыл болмайды. Бұның сыры неде деп сұрайды. Әулие
Ибраһим бірден жауап бермей:
— Рұқсат етсеніздер, араларыңда шамалы уакыт болайын, жағдайларыңызбен жақсылап
танысайын, сұрақтарыңызға содан кейін жауап берейін, — дейді. Осылайша Әулие Ибраһим ел арасында біраз уакыт болып, жұрттың тыныс-тіршілігін зерттеп, зерделеп болғасын, мәжіліс кұрып сұрактарына былайша жауап береді.
— Уа, Басара халқы! Жағдайларыңды жақыннан білдім. Жүректеріңіз күнәдан өлгендігін байқадым. Өлген жүрекпен жасаған дуға қабыл болмайды, -дейді. Сонда халық тұрып:
— Жүрегіміз қандай күнәлардан өлген екен? — деп сұрайды. Ибраһим мына
оны күнәні санап береді:
1. «Алланы таныдық» дейсіндер, бұйрықтарын танымайсыңдар.
2. Кұран Кәрім оқисыңдар, алайда мағынасын түсініп іске асырмайсыңдар.
3. «Пайғамбарымызды (Алланың игілігі мен сәлемі болғай)
сүйеміз» дейсіңдер, бірақ онын сүннетіне ынтық
емессіңдер.
4. «Шайтанға дұшпанбыз» дейсіңдер,
бірақ оның досы болудан бас тартпайсыңдар.
5. «Жәннәтты аңсайсындар» алайда, оған лайык амалдарың жоқ.
6. «Тозақтан қорқамыз» дейсіңдер, бірақ тозаққа сүйрейтін амалдардан бас тартпайсыңдар.
7. «Өлім — хақ» дейсіндер, алайда дайындалмайсыңдар.
8. Дін бауырларыңның айыбын көресіңдер, бірақ өз кемшіліктеріңді көрмейсіңдер.
9. Алланың берген нығыметін пайдаланасыңдар, бірақ шүкір етпейсіңдер.

10. Өлілеріңді көмесіңдер, бірақ бір күні өздеріңнің де көмілетіндеріңді
ойламайсыңдар.
Әулие Ибраһим бұл 10 күнәні санап шыққан соң былай дейді:
— Уа, Басара халқы! Жүректеріңді өлтірген бұл күнәлардан бас
тартпайынша дұғаларын қабыл болады деп ойламаңдар. Жүректеріңнің кайта
тірілуін қаласаңдар күнәдан бас тартуға күш сарып етіндер. Бағыттарыңды
түзетіңдер. Сонда дугаларын қабыл болып, бастарыңнан пәле арылады”, —
деп насихат берген екен.
Әулие Ибраһимнің бұл насихаты тек Басара халқына ғана емес, барша мұсылман жұртшылығына деген
ескерту. Сондықтан да ақыреттік азығымыздың егістігі болган, қайта айланып келмейтін, бір-ақ рет берілетінін білейік! Өмірімізді орны толмас өкінішпен өткізуден Алла сактағай!

 

Қарасай ауданы «Үштерек”

ауылдық мешітінің бас имамы Қызырғазы Мәлікұлы