preloader

Мақалалар

ИХСАН НАСИХАТ — РУХАНИ ТӘРБИЕ

ИХСАН НАСИХАТ — РУХАНИ ТӘРБИЕ

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын ) мубәрак хадисінде Ихсан дегеніміз -Аллаға оны көріп тұрғандай құлшылық етуің ,сен оны көрмесеңде ,Ол сені көріп тұрушы!

Яғни қандай амал жасасаңда ,шынайы ниет етіп ,ешкімге міндет қылмай ,нағыз Алла үшін риясыз жасай білу деген сөз!

Байқап қарасақ ,қазіргі қоғамда  осы ихсан ілімін білмегендіктен ,істеген ісін міндетсіну ,ренжу ,болмаса есептесіп мен саған мынаны істеп бердім ,сен маған ананы істеп бер деген адамгершілікке жатпайтын іс әрекеттер өте көп. Ал тарихқа қарасаң біздің ата -бабаларымыз ихсан ілімін жақсы меңгергендігін байқаймыз. Себебі барлық істі Алла разылығы үшін деп атқарып ,ешкімге ренжіп ,міндет қылмай ,көркем мінезбен қарым -қатнас жасағандықтарын көреміз!

Имам Нәуәуи( Алла рахымына алсын);  «Алла Тағала сенің әрбір жағдайыңды көріп тұрады.Сондықтан барлық ісіңде жақсылық жаса .Әрбір ісің толыққанды болу керек»,—деген.Ал біздің мәзхабымыздың

Имамы Абу Ханифа (Алла рахымына бөлесін)өзінің «Муснад»атты кітабында ; «Ихсан -әрбір ісіңді Алла разылығы үшін жасауың »деген.

Яғни бастысы адамның ниеті екендігі меңзеліп тұр.Ихсан ілімін үйрену

біздің  баршамызға шаш етектен пайдасын береді .Адами қасиет пен рухани құндылықтарымызды арттырады .Көркем мінез бен әдептілікті  қалыптастырады.

Ізгілер айтқан ; « Ихсан ілімінің алғашқы сабағы ренжітпеуден басталып,соңы ренжімеумен аяқталады»,—дейді.

Ихсан –рухани ілім ,нәпсі тәрбиесі ,әдеп негіздері мен жақсылық жасауды қамтиды.Сөзімнің басыңда шынайы ниет жайында айтқанымдай ең бастысы барлық істі  ықыласпен атқара білу бұл нағыз шынайы ихсан болып табылады.

Зуннун Мысри айтады ; « Мына үш нәрсе ықыластың нышаны ;Халықтың мақтауы мен даттауына көңіл бөлмеу ,істеген жақсылығын тез ұмыту ,істеген ісінің ахиретте сауап әкелетінін де ұмыту »,-дейді

Ал Мәуләна Жәләлуддин Руми ; «Өзің қандай болсаң ,сондай болып көрін ,қандай болып көрінсең ,сондай болуға тырыс »,—деген екен.

Не деген тәлімді өсиеттер десеңізші .Біздің қазіргі қоғамымызда жасандылықпен өмір сүріп ,өтірік күліп ,бетперде киіп жүргендер үшін ихсан ілімін меңгеру керек ақ деп ойлаймын.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен  сәлемі болсын)

Өзінің мүбарак хадистерінің бірінде ; «Шын мәнінде Алла сендердің түрлерің мен сырт көріністеріңе қарамайды алайда жүректерің мен іс амалдарыңа қарайды»,—-деген.Біз бұл хадистен де шынайы бола білуді,

жүрегіміздің таза болуын амалдарымыздың адал болуын, түсінеміз.

Яғни бұлда нағыз  ихсан іліміне жататындығын білуіміз керек.

Жалпы Ихсан ілімі —байға да,кедейге де  басшыға да ,қосшыға  да керек.

Сөзімнің соңында айтарым ,муфтят баспасынан 2021 жылы шыққан ,

«Ихсан —рухани тәрбие негізі » кітабын оқып шығуға барша мұсылманға кеңес беремін.

Баршамызға иман байлығын ,ихсан тәрбиесін нәсіп етсін !

Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын !

 

 

Райымбек ауданының бас имамы

Бұхарбеков Азамат Бексұлтанұлы