preloader

Мақалалар

Имандылық жүрекке ұяласа

Имандылық жүрекке ұяласа

Қазіргі таңда қоғамымызда дәстүрлі дініміз қанат жайып өркендеп елімізде мешіттеріміз салынуда. Біздің де ауыл аймақтарымызда мешіттер салынып имамдарымыз қызмет етуде. Мешіт деген сөздің мағынасы «сәжде жасайтын орын» дегенді білдіреді. Алла тағала Адам баласын өзіне қарай шақырады. Пенделеріне рақымы мол екендігін айтады. Бізде де Алланың үйі болғанымен ол өз-өзінен біздің имандылығымызды арттырмайды. Ол жерде салиқалы амалдар атқарылып құлшылық жасалуы керек. Алла Тағала Құран Кәрімде «Бір қауым өз-өздерін өзгертпейінше Алла оларды өзгертпейді»-делінген. Біз өз-өздерімізді ақылдың таразысына салып ойланып амалдарымызды түгендемесек ешкімде бізге келіп бізді түземейді. Өйткені «Дінде зорлық жоқ»-деген аят бар.

Әркімнің иманын өзі екшеп өз еркімен ұмтылуына кемелденуіне құқығы бар. Өткен ғұламалардан қалған сөз бар, үш нәрсе адамның шайтаннан қорғаны болады деген. Біріншісі құран оқу, Алланы зікір ету, және мешітте болу. Алайда қоғамымызда кейбір кісілерден мынадай сөзді байқаймыз: «мен қиянат жасамаймын жүрегім ақ сол үшін құлшылық қылуға міндетті емеспін»- деген сөздерді айтады.

Адам баласының жаратылысы үздіксіз дамып отыруға не төмен кетіп рухани құлдырауға бейімделген. Егерде мен ақпын деп ағару әрекетін жасамай отыра берсе ол қараюға әкеледі. Әрине күнә істеп қиянат қылу, зина жасау, ұрлық қылу, тиым салынған іс, адал арамды ажырату деген сияқты амалдар да бар, ол біздің адамдық міндет ар ұятымыз, адаммен адамның арасындағы хақы міндеттеріміз.

Адаммен адамның арасындағы хақыларымыз бар сияқты бір жаратушы Алланың алдында да хақы міндетіміз бар. Ол үшін имандылық жүректе дегіміз келеді. Құранда «Мен сендердің күре тамырларыңнан да жақынмын»-деген аятына сәйкес біздің ішкі ниетіміз ықыласымыз басты орында тұрады. Егер сізде имандылық болса ол иманыңызды ешкім сізден тартып ала алмайды. сізге ешқандай кедергі жоқ, ешқандай шартта жоқ, қашан туралыққа бұрғыңыз келсе құдайдың есігі ашық.

Бір дін ғұламасынан «Егер есікті қақса ашылады деп құдайдың жолын меңзеген екен, сонда әлгі ғұлама есікті қағатындай ол жабық па еді?-деп жауап береді. Сол сияқты құдай тағала бізді әрқашан шақырады, өзіне қарай келуге ұмтылуға тәубе етіп өзін еске алуға.

Біздің ниетіміз болмаса жүрегім ақ дегенмен ешқандай мәселе бітепейді. Руханиятымызды бос тұрған жеріп толтырып Құдай туралы ілімізді арттырмасақ, жастарымыз теріс ағымдарға бейім болуы сөзсіз. Ол үшін жүрегімізді имандылыққа толтырып, өзімізді өзгертуге тырысуымыз, мешіттерге барып діни тәлім үйренуіміз керек болады.

Рахматулла Моллақанағатұлы,

Кеген аудандық «Әулие Абыз – Әлмерек баба» мешітінің жаңа бас имамы