Ислам және отбасы құндылығы
Асыл дінімізде адам баласының өмір сүруі үшін барлық дағдылар мен қағидаттар ең көркем жолмен көрсетілген. Пенденің туылған сәтінен бастап, ғұмырының соңына дейінгі аралықтағы күллі кезеңдерге аса маңыз берген. Соның ішінде отбасы-баға жетпес құндылықтар ретіндедәріптеледі. Отбасы — Алла Тағаланың жер бетіндегі ең ұлы нығметтерінің бірі. Адамзаттың алғашқы тарихы да отбасыдан басталған. Алла Тағала Адам (ғ.с.) мен Хауа ананы жаратып, екеуін жұбай етіп қосты. Ол жайлы Қабан жырау бабамыз жырларында:
«Әуелі келіп жол ашқан,
Адам екен атамыз,
Қадеті Хауа анамыз» деп келтіреді. Осыдан-ақ отбасының табиғи жәнекиелі институт екенін аңғаруға болады. Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде: «Ол сендерге өздеріңненжұбайлар жаратты, олар арқылы тыныштық табуларың үшін. Араларыңа сүйіспеншілік пен мейірім салды. Сөзсіз, мұнда ойланғанқауым үшін белгілер бар»6 («Әр-Рум» сүресі, 21-аят) –деп баяндайды.Бұл аят отбасының негізі – махаббат пен мейірім екенін көрсетеді. Ер мен әйелдің бір-біріне сүйеніш, қолдау болуы – Алланың рахметінен екендігін насихаттап «Бақара» сүресінің 187-аятында: «Олар сендерге киім, сендерде оларға киімсіңдер» деп, ерлі-зайыптылардың бір-бірін қорғаушы, жасырушы және толықтырушы екендіктерін тамаша сипаттайды. Ал, ардақты Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тұтасқоғамды таза ұстаудың бірден-бір кепілі – отбасы тәрбиесі мен жанұяқұндылықтарында екендігіне маңыз беріп: «Ер кісі отбасыныңбақташысы, сондықтан ол қол астындағыларға жауапты. Әйел өз үйімен балаларының бақташысы, сол үшін жауапты» , – деген. Асылында, үлгі өнегенің төресі болған Алла елшісінің (Оған Алланыңигілігі мен сәлемі болсын) отбасына ерекше көңіл бөлгендігінен мүбәрак қмір ғибратынан көрсек болады. Ол хадисінде : «Сендердің ең жақсыларың— отбасына жақсы қарым-қатынас жасағандарың », – десе, тағы бірсөзінде: «Мүміндердің иманы ең кәмілі — мінез-құлқы ең көркем болғаны. Ал сендердің ең жақсыларың — әйеліне жақсы қарағандарың», – деп, отбасындағы сүйіспеншілік пен ізгіліктің иманмен тікелей байланысы бар екенін дәлелдейді. Исламда отбасы тек ер мен әйелдің одағы емес, рухани және тәрбиелікмектеп. Онда балаға иман, әдеп, сабыр мен жауапкершілік үйретіледі. Ол жауапкершілік міндеті шаңырақтың ішінен бастау алатынын ескерген бабаларымыз да «Отан–отбасыдан басталады» деп әр адамның оған үлесі зор екендігін байқатса керек. Сондай–ақ, ата–ананың бір–біріне деген мәмілесінің балаға ықпалды екендігін әрі бала да әке–шешеге мейіріммен, әдеппен, жанашырлықпен қатынас жасау қажеттігін тәрбиенің негізгі көзі деп таныған. Яғни, балаға:
«Досқа қатты сөйлеме,
Жүрегіне қар болар.
Ата ана сөзін кектеме
Олардың хақы зор болар»,–деп (Әбубәкір Кердері) ұқтырған. Одан бөлек Жаратушының хақ заңдарына берік болып, жанұядағы ынтымақты ту еткен жандардың есігіне әрдайым бақ–береке даритынын:
«–Бақыт қайда барасың?!
Ата анасын сыйлаған,
Ұйымшылдық ойлаған,
Тату жанға барамын.
–Бақыт қайда барасың?!
Үйінде тұрған Құраны,
Расул Алла ұраны,
Тәртіпті үйге барамын », –деп Қабан жырау келешек ұрпаққа отбасы бақытының кілті қайда екендігін дәріптесе керек.
Қорыта айтқанда, отбасы – қоғамның іргетасы, рухани жәнеадамгершілік құндылықтардың алғашқы мектебі. Егер отбасының негізіиманға, өзара сыйластық пен сүйіспеншілікке құрылса, қоғам да мықты, берекелі болмақ. Себебі ата-ана баласына тек материалдық емес, еңалдымен рухани тәрбие беруге міндетті. Бұл – Жаратушы алдындағыжауапкершілік әрі аманат. Ислам дінінде жанұя — махаббат пен мейірімге, сенім мен сыйластыққа құрылған қасиетті ұя. Отбасындағы ер мен әйелдің татулығы, бір-біріне деген құрметі мен түсіністігі — Алланың разылығына жетудіңжолы. Ал баланың ата-анасына деген құрметі мен бағыныштылығы — иманның көрінісі. Мұндай үйлесімді ортада өскен ұрпақ та иманды, ізетті, қоғамға пайдалы тұлға болып қалыптасады. Сондықтан әрбір мүмін өз отбасын – Раббысының шексіз нығметі деп қарап, оны асқанжауапкершілікпен әрі махаббат–мейірім арқылы сақтауға ұмтылуы тиіс. Себебі берік отбасы – берекелі қоғамның кепілі, ал отбасының шынайымақсаты – Алланың разылығына жетіп, мәңгілік жәннат мекеніне ұмтылу.
Алла Тағала әрбір отбасының ризық –несібесін арттырып, берекеcін молайта берсін!
Жақсымбет Нұрислам Қыдыралыұлы
Қарасай ауданы «Құртқа» мешітінің имамы

