ОРАЗА АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Қадірлі жамағат, құрметті отандастар!
Сіздерді күллі мұсылман үмбетінің ұлық мерекесі – Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Берекелі Рамазан айы – сабыр мен шүкірдің, мейірім мен кешірімнің, қайырымдылық пен тақуалықтың мектебі болды. Осы қасиетті айда жасаған барша құлшылықтарымызды, ұстаған оразамыз бен берген садақаларымызды Алла Тағала қабыл етсін!
Ораза айт – адамдарды ізгілікке, бауырмалдыққа, өзара құрмет пен жанашырлыққа үндейтін ерекше мейрам. Бұл күндері реніштер ұмытылып, ағайын-туыс, көрші-қолаңмен қарым-қатынас нығая түседі.
Осынау мерекелі күнде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға береке-бірлік тілеймін. Елімізде тыныштық пен татулық, халқымыздың арасында өзара сыйластық пен ынтымақ мәңгілік орнасын!
Айт қабыл болсын!
Әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш әкелсін!
Ізгі тілекпен,
Алматы облысының бас имамы
Мадияр қажы Тағайбайұлы

