preloader

Мақалалар

Пайғамбарымыз істемеген істің барлығы харам ба?

Пайғамбарымыз істемеген істің барлығы харам ба?

Барлық мақтау бүкіл ілемді жоқтан бар қылған, әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Оның сүйікті құлы әрі елшісі, бүкіл пайғамбарлардың таңдаулысы әрі соңғысы пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (салаллаһу әләйһи уәсәлләм)-ға Алланың игілігі мен сәлемі болсын. Жаратушы Жаббар иеміздің елшісі Пайғамбарымыз (салаллаһу әләйхи уәсәлләм)-ның сара жолымен жүрген, Пайғамбарымыз (салаллаһу әләйһи уәсәлләм)-ның таңдалып алынған, артынан қалған сөздерін, хадистерін біздің осы күнімізге дейін айнытпай, өзгертпей жеткізген Саңылық Сахабаларға және де Табаға Табиғиндерге олардың артынан жақсылықта ергендерге Алла Тағаланың разылығы болсын.

Бұл тақырыпты қозғауымның себебі неде? Себебі қазіргі таңда қоғамымызда көптеген талас-тартыстар, фитнәларға алып келіп жатқан тақырып ол; Пайғамбарымыз Мұхаммед (салаллаһу әләйһи уәсәлләм) оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын істемеген істері харам немесе мәкрух деген мәселелер болып тұр. Немесе ол іс харам болмағанда еді Пайғамбарымыз Мұхаммед (салаллаһу әләйһи уәсәллам) ол істі жасайтын еді, деген секілді сұрақтар келе бастайды. Сол үшін де қазіргі таңда  осы өзекті тақырыпты зерттеп, осы сұрақтарға жауап алу мақсатында осы іске бел будым.

Айта кетсек қасиетті Құран Кәрімде Алла Тағала былай деп баяндайды; Пайғамбар Мұхаммед Мұстафа (салаллаһу әләйхи уәсәлләм) сендерге не алып келген болса сол нәрсені алып, мықтап ұстаңдар. Ал егер қай істерден сендерді тыйған болса ол істерден бойларыңды аулақ ұстаңдар деген аят бар.

Сонымен қатар Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын бір хадисінде; Мен сендерге қай істі жасауға бұйырсам сендер сол істі шамаларың жеткенше істеуге тырысыңдар, ал мен сендерді қайсы бір нәрседен қайтарған болсам, сендер сол істеу аулақ болыңдар,- деген. Енді бұл жерде Пайғамбарымыз (салаллаһу әләйһи уәсәллам) үндемеген, өзі де істемеген істерді біз қалай түсінеміз? Және бізге оларды жасаудың үкімі қандай?- деген сұрақ пайда болары анық. Сол және осы секілді сұрақтарға жауап айта кетейік.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (салаллаһу әләйһи уәсәлләм) оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын кейбір істерді әдейі тәрк еткен, оның себебі үмметіне сол істің парыз болып қалуынан қорыққаны себеп еді. Оның мысалы Рамазан айында оқылатын тарауих намазы, кейде Пайғамбарымыз (салаллаһу әләйһи уәсәлләм) тарауих намазына бармайтын. Оның себебі алдында айтып кеткеніміздей үмметіне парыз болып қалуынан қоррықан еді.

Бірде Алланың елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қонақта болған да ол кісіге кесіретке еті алынып келінді, Пайғамбарымыз (салаллаһу әләйһи уәсәлләм) енді қолып соза бергенде Алланың елшісіне ол кесіреткенің еті екендігі жөнінде хабар берді. Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ол етті жемеді. Осы отырыста отырғандар Алла елшісінен бұл харам ба?- деп сұрағанда жоқ деп жауап береді. Яғни Пайғамбарымыз (салаллаһу әләйһи уәсәлләмның тайпасындағылар кесіретке етін жеу әдетінен емес еді. Осы себепті Алла елшісі (салаллаһу әләйһи уәсәлләм) ол нәрсені жеген жоқ.

Енді бір істерді Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) ойламаған болуы мүмкін. Тарихтан мысал келтірер болсақ Алла елшісі(салаллаһу әләйхи уәсәлләм) жұма күні құтпаны бір құрма ағашының төңкесінде(түбі) тұрып айтатын болсан, содап Алла елшісінің сахабалары оның орнына мінбер жасап бергенде ол кісі бірден келіскен, оның пайдасы дауысы жоғарыдан шыққан себепті қаттырақ шығады және онда отырады. Байқағанымыздай Пайғамбарымыз (салаллаһу әләйһи уәсәлләм)-ның ойына келмей қалған істі Сахабалар айтқанда оның пайдасын көріп, сөздерін екі етпей қабылдаған.

Бір істі тәрк етуінің тағы бір себебі Пайғамбарымыз (салаллаһу әләйһи уәсәлләм) ол нәрсені ұмытып кеткеннен де болуы мүкін. Тарихқа көз жүгіртер болсақ бірде Алла елшісі (салаллаһу әләйһи уәсәлләм) намазда тұрып намаздың бір нәрсесін тәрк етеді. Сонда сахабалар иә Алланың елшісі (салаллаһу әләйһи уәсәлләм) намаздың ішінде өзгеріс болды ма?-деп сұрады. Сонда Пайғамбарымыз (салаллаһу әләйһи уәсәлләм) жоқ деп жауап береді. Менде сендер секілді адам баласымын, менде ұмытамын, мен ұмытқан жағдайда менің есіме салыңдар деген.

  1. Пайғамбар (с.а.с) жасамаған амалдарды түсіну және салыстыру.

Абдулла ибн Мубарак айтады Сәләм ибн Аби Мутиғ Ибн АБИ Дәхиладан әкесінен жеткізеді ;

Бірде ибн Омармен бірге едім сонда ол Пайғамбарымыз Мухаммад Мустафа саллаллаху әләйхиссалам мейіз бен құрмадан яғни араластырылған тыйды дейді.( Ол Омар ибн Әл-Хаттабтың ұлы Абдулла, Абдулла Пайғамбарымыз (салаллаһу әләйһи уәсәлләм) елші болып жіберілген жылдың отыз екінші жылы дүниеге келген. Сонымен қатар ол әкесімен исламды қабылдаған, ол кезде ол әлі балиғат жасқа жетпенген жас боз-бала еді).

Сөйтіп артымда тұрған бір кісі менен не дейді деп сұрады,мен ол кісіге Пайғамбарымыз саллаллаху әләйхиссәләм араласқан мейіз бен құрманы харам деді деп айттым.

Содан маған Абдулла ибн Омар жалған айтып тұрсың дейді. Ал мен болсам ардақты пайғамбарымыз Мухаммад саллаху әләйхиссәләм ол екеуінен тиды демедің бе? Ол харам емеспе?

Маған айтты сен соған куәлік бересіңба деп.

Сонда Сәләм  пайғамбарымыз саллаху әләйхи уәсәлләм тиды дегені ол әдеп еді.

Мен Омар ибн Әл Хаттабқа қара дедім, ол сахабалардың ішіндегі фақих кісі.тиым сөзін харам сөзімен түсіндірген кісі өтірік айтты .Нәхи сөзі харам деген мағынаны береді, бірақ ол нақты дәлел емес қой.Кейде  макрух мағынасын да береді ғой.Ол Сәләмнің сөзі.

Ал Омар оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын ол кісінің айтқан мағынасы расында мұсылман адамға бір үкімді харам деп шығару үшін анық айқын дәлелдермен яғни құран мен және сүннетпен ғана үкім шығару рұқсат етіледі. Бұл саңылық  сахабалардың және табиғиндердің сонымен қатар имамдарымыздың дәрежесі еді.

Ибрахим Нақғи белгілі Табиғин (Ол Ибрахим ибн Зәйд ибн Қойс Ән-Нәқғи Куфа елінің тумасы, сонымен қатар Абдулла ибн Масғудтың досы болып келеді. Ол кісі Куфа еліндегі мықты фақихтарынан болып табылады)  айтады ол кісі  нәрселерді харамға шығаруды ұнатпайтын еді.

Сол секілді Имам Мәлик,Шәфиғи,Ахмад тар да бір нәрсенің нақты харам екенін білместен бұрын харам деуден сақтанатын еді. Немесе ихтиләфи нәрселерді және сол секілді нәрселерде олай үкім шығарудан аулақ болған. Егер олардың біреуі айтатын болса мен мынаны ұнатпаймын дейді,одан аспайтын еді.

Бірде Имам Шәфиғи (Ол Ғаббастың ұлы ибн Ыдырыс Мухаммед Шәфиғи Әбу Абдулла Ахмад Әхлу суннаның төрт имамының бірі. Ол кісі Шәфиғи есімімен танылған, хижртдің жүз елуінші жылы тура Фалестина да соғыс болып жатқан жылы туылған. Оны Меккеге алып барып, одан Бағдатқа сапар шегіп Мысырда болған. Ол жиырма жасында пәтуа беретін деңгейде болған мықты ғалым, олың ең танымал кітаптарының бірі« Әлумму жәмәғаху Әлбуюти», Имам Шәфиғи хижри жыл санауы бойынша екі жүз төртінші жылы өмірден озады, (Алла Тағала өл кісіні рахымына алсын) – былай дейді; Мен оның харам болуынан қорқамын деген.Сендердің біреулерің бір істің харам екенін нақты білмей жатып харам десемін егер олай жасайтын болса Алла Тағаланың  мына аятының астына кіріп кетеді .

Алла Тағала нахль сүресінің жүз он алтыншы аятында (Алла Тағаладан және пайғамбардан келген қандай да бір дәлелге сүйенбестен) тілдерінің өтірік сипаттаумен «Мынау адал, мынау арам» деп айтпаңдар! Олай айтатын болсаңдар, (адал немесе арам деп үкім беру бір Аллаға ғана тән болғандықтан) Алла Тағаланың атынан өтірік айтқан боласыңдар. Аллаға өтірік сөзді теліп, оның атынан өтірік айтатындар әсте мақсат-мұратына жетпейді(әсте оңбайды).

Жаны ашымайтындар үшін не бар сол күні бетке басу үшін яғни ұялту үшін ешқандай дәлелсіз бір нәрселердәі харамға шығарудан Пайғамбарымыз саллаху әләйхи уәсәлләм тиды және ол нәрсенә істеуге шақырды. Және бұл ешқандай харамдықты немесе мәкрухтықтың үкімін бермейді.

Сонда олар айтылған жапы аяттың астына кіріп кетеді.

Талғат Абайұлы,

Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінің наиб имамы