Пайғамбарымыз Мұхаммед (салаллаһу әләйһи уәсәлләм) істеген істері бізге міндеттікті білдіреді ме?
Пайғамбарымыз Мұхаммед (салаллаһу әләйһи уәсәлләм) істеген істері бізге де сол істі істеудің міндеттілігін білдірмейді. Бір істің жасалуы керек екенін яғни парыз немесе уәжіп екендігін білдіретін сөз айтылуы қажет. Айтып жатқан кісі жоғарғы жақтан қол астындағыларға бір істі істе деп айтылады. Ол жайлы (Манар кітабының шархы Нурул-ануар) атты еңбекте келген . Айтушы яғни бұйырып тұрған кісі бұйырылушы тараптан дәрежесі жоғары болуы керек. Ал егер олай болмаса құпталмаған әдептерден болып саналмайды. Сонымен қатар сұрау және өтіну ол екеуі әмірлікті білдірмейді. Мысалы бір Жаратушы Жаббар иемізден сұраймыз (Аллахым бізді тура жолыңа салғаннан кейін бізді тура жолыңнан тайдыра көрме) –деп, немесе Аллахым біздің күнәмәзді кешір дегендей, бірақ бұлар бұйрық болып саналмайды, керісінше сұрау болып табылады. Себебі бұйрық райы ол жоғарыдан астындағыларға жүретін іс. Ал адам баласы құл бола тұра өзін жаратқан раббысына қалайша әмір етпек. Жоғарыда айтып кеткеніміздей егер бір кісі біреуге жалынған хәлінде бір істі істеуін айтса ол әмір деп саналмайды. Ал енді дәрежесі жоғары тұлға өзінен төменге істе деген сөзбен міндеттесе немесе сол секілді сөз айтар болса, ол істің әмір екендігін білеміз. Арабтардың кейбір терминдерінде әмірдің тек жоғарғы тараптан болуы қажет емес деп айтқандары да бар. Себебі өтіну мен сұрау оларда әмір болып есептеледі. Ал егер фиқһ негіздерінің ғалымдарына келетін болсақ олар әлсіздерді басыну мен қорқытуды да әмір деп санайды. Өйткені ол екі іс жоғары жақтан істелетін әрекеттер. Сол себепті біз фиқһ негіздері ғалымдарының қойған терминдеріне сай айтамыз. Әмір дегеніміздегі мақсат тек жоғарғы тараптан келетін нәрсе емес, керісінше бір істі міндеттілігін көрсету. Сол себепті дұға, өтіну, қорқыту олардың барлығы әмір болып саналмайды. Расында бұйрық рай қайталауды яғни қайта айтуды талап етпейді. Сонымен қатар бірден жасалуы талап етілмейді. Оның мысалы бір кісі қажылыққа баруға шамасы жетсе ол жеткен кезе бірден емес сол жылы юарса болды.
Алла елшісі (салаллаһу әләйһи уәсәлләм)-нің істеген ісі міндеттілікті білдірмейді, бірде Алла елшісі намаз оқып жатқанда аяқ киімін шешкенін және оразаны оразамен жалғап ұстағанын сахабалар көріп, солай жасаған кезде Алла елшісі (салаллаһу әләйһи уәсәлләм) оларды бұлай істеуден тыйады.Себебі бұл іс бізге міндет болып қалмас үшін. Сонда Пайғамбарымыз (салаллаһу әләйһи уәсәлләм) қайсы біреуің мен сияқты бола аласыңдар? Мені Раббым тамақтандырады және сусындандырады, яғни сендер күндізді түнмен қоса ораза ұстауға шамаларың келмейді. Ал маған келер болсақ Алла Тағала тарапынан менде рухани күш бар, ол мені өз тарапынан тамақтандырып һәм махаббат сусынынан сусындандырады. Алла Тағала Пайғамбамбарымыз (салаллаһу әләйһи уәсәлләмді) тамақтандырып һәм сусындандырғанда сыртқы мағынасы емес, ондағы мақсат етіп отырғаны Алла елшісі (салаллаһу әләйһи уәсәлләм) аштық пен шөлді сезеді бірақта Алла Тағала құлшылықта күш беріп қояды. Ол жайлы (Мурқод) атты еңбекте келген. Сонымен қатар тағы бір әлсіз көзқараста ол хадисте тамақтандырады һәм сусындандырады дегендегі мақсаты Алла Тағала елшісін жәннәттың тағамымен тамақтандырады деген. Ол жайлы Имам әр-Рози өзінің (Тәфсирул кәбир) атты еңбегінде келтірген.
Бірде Пайғамбарымыз (салаллаһу әләйһи уәсәлләм) сахабалармен намаз оқып жатқан кезде аяқ-киімін шешті, артынша сахабаларда аяқ-киімдерін шешті. Намазды өтеп болғанда Алла елшісі (салаллаһу әләйһи уәсәлләм) сахабалардан сұрады. Сендердің аяқ-киімдеріңді шешуге не себеп болды? Сонда сахабалар біз сіздің шешкеніңізді көріп, артыңыздан ердік деді. Алла елшісі (салаллаһу әләйһи уәсәлләм) маған Жебрейіл (әләйһиссәләм) аяқ-киімімнің кір екендігі жайлы хабар берді, сол үшін шешкенін айтты. Егерде сендердің қайсы біреулерің мешітке келгенде аяқ-киіміне қарасын, егер ол кір болатын болса сүртсін деген, яғни сол аяқ-киімде намаз оқу үшін.