preloader

Мақалалар

Тарауих намазын оқу бидғат па?

Тарауих намазын оқу бидғат па?

Тарауих намазы дегеніміз ол қасиетті рамазан айының түндерінде оқылатын оқылатын намаз. Ол құптан намазының парызынан кейін және үтір уәжіп намазынан алдын оқылады. Ол намаздың тарауих деп аталуының өзіндік себебі бар. Өйткені ол намаздың әр екі ракағатында қысқаша демалыс болады.  Ал енді ол намаздың үкіміне келер болсақ ерлер мен әйелдер үшін бекітілген сүннет болып табылады. Екі дүниеге рахым етіп жіберілген адамзаттың асылы Пайғамбарымыз (салаллаһу әләйһи уәсәлләм) көбінесе істеген ісі. Алла елшісі(салаллаһу әләйхи уәсәлләм) осы намазды өтеуге сахабаларды, адамдарды қызықтырды. Пайғамбарымыз(салаллаһу әләйһи уәсәлләм) нан кейін Сахабалар,Табиғиндер көптеп жасап қазіргі күндерге дейін сол қарқынмен оқылып келе жатыр.

Тарауих намазының артықшылығы, абзалдығына келер болсақ Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа  (салаллаһу әләйһи уәсәлләм) хадисінде айтқандай; Кім де кім рамазан айын иманмен және бүкіл сауабын тек бір ғана Алла Тағаладан үміт етіп өткізетін болса, ол кісінің бұрынғы өткен барша күнәсін Жаратушшы Жаббар иеміз кешгіретіндігін айтқан.(Имам Бухари және Муслим) . Ал енді тарауих намазы қасиетті болған рамазан айының маңызды, ұлы істерінен болып табылады. Сонымен қатар мұсылмандардың көкірегінде ол ұлы істерден. Және оның мөлшері, абзалдығы Алла Тағаланың құрызырдағы іс.

Алғашқы болып тарауих намазын Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (салаллаһу әләйһи уәсәлләм) өзі оқыған.  Айша анамыз айтады: Бір күні түнде Пайғамбарымыз Мұхаммед (салаллаһу әләйһи уәсәлләм) мешітте жамағатпен тарауих намазын оқиды, келесі күні тайпадағылармен оқып, жамағат көбейеді. Сонда үшінші және төртінші  түні Алла елшісі(салаллаһу әләйхи уәсәлләм) шықпай қояды. Таң атқанда Пайғамбарымыз (салаллаһу әләйһи уәсәлләм) сахабаларына былай дейді: Мені тарауих намазынан ешнәрсе тыйған жоқ, бірақта мен сендерге парыз болып қалуынан қорқып ол күні тиылдым деген Имам Муслимде келген [6].

Абу Хуройра(Алла ол кісіден разы болсын) былай дейді. Рамазан айында Пайғамбарымыз (салаллаһу әләйһи уәсәлләм) мешіттен шыққан кезде сахабалардың намаз оқып жатқанын көреді. Сонда Алла елшісі ( салаллаһу әләйһи уәсәлләм) бұлар не істеп жатыр деп сұрайды? Сонда арасында бір кісі айтты, олар құран жаттамаған еді,-деп. Ал имамдыққа шығып оқып жатқан Убая ибн Кағб еді. Сонда Пайғамбарымыз (салаллаһу әләйһи уәсәлләм) олар дұрыс іс жасап жатыр және ол істеп жатқандары қандай керемет еді.

Тарауих намазының  ракағат саны: Тарауих намазы бекітілген нәпіл намаздардан болып табылады. Үтір намазын қоспағанда жиырма ракағат, ал үтір уәжітпі қосқанда жиырма үш ракағат болады.  Сәләф және Холәф(Алдынғы және кейінгі) ғалымдардың келісімімен әділетті халифа Омар ибн Әл-Хаттаб (Алла Тағала өз мейріміне алсын) кезінде жиырма ракағат болды. Сол кезден қазіргі күнімізге дейін келе жатыр. Сонымен қатар оған ешкім қарсы шықпады, тек қана Мәлік ибн  Әнәстан жеткен де оны отыз алты ракағатқа дейін қосты деген .

Имам Нафиғтан жеткізіледі: Адамдар рамазан айында тарауих намазын отыз ракағат қылып оқитын еді. Оның үш ракағаты үтір намазы еді деп жеткізген . Имам Нафиғтан тағы бір риуаят келеді; Ол машһүр риуаятта жумһур мүшелері Шәфиғилер, Ханбалилер және Ханафилер бір ауыздан тарауих намазының жиырма ракағат екендігіне келіскен. Сонымен қатар осы мәлелеге төрт  мәзһаб иелері толықтай келіседі.

Әбу Абдулладан жеткізілген жеткен таңдаулы көзқараста Ахмад ибн Ханбал тарауих намазының жиырма ракағат болғанын қалаған. Дәл осылай           Имам Науауи және Әбу Ханифа (Алла Тағала ол кісілерге разы болсын) оларда осылай айтқан. Имам Шафиғи және Мәлик айтады; Мәдина халқының істегеніне байланысты отыз алты ракағат деген.  Және бізге Убаия ибн Кағбтың үйінде әділетті халифа Омар (Алла ол кісіге разы болсын) жиырма ракағат оқитын еді. Мәлик  Иазид ибн Роуманнан былай деп жеткізеді; Әділетті халифа Омар (Алла ол кісіден разы болсын) сол кездегі адамдар рамазан айында жиырма үш ракағат намаз оқитын еді деген. Хәзіреті Али (Алла ол кісіден разы болсын) сол кісіден былай деп жеткізеді; Расында ол кісі рамазан айында жиырма ракағат намаз оқуды бұйырды.  Бұл іс ижмағ(ғалымдардың келісімі) секілді. Содан кейін айтты; Егер де Мәдина халқының барлығы солай жасағанында, яғни отыз алты ракағат тарауих намазын оқығанында Хазіреті Омар(Алла ол кісіден разы болсын) олай жасамас еді. Сол ғасырдағыСахабалардың ижмағы(келісімі бойынша) барлығы Әділетті халифа Омар(Алла ол кісіні рахымына алсын)- дың артынан ерген ең дұрысы екені жайлы айтқан.

Имам Тәймия айтады: Ең абзал іс ол намаз оқушылар әр түрлі болып келеді, егер олардың шамалары келсе он ракағат оқып содан кейәін үш ракағат оқығаны абзал деген. Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (салаллаһу әләйһи уәсәлләм) өзі намаз оқығаны секілді. Яғни Алла елшісі (салаллаһу әләйһи уәсәлләм) өте көп намаз оқитын болған. Егер де жиырма ракағат оқуға  шамасы келмейтін болса көпшілік мұсылмандар жасағандай он ракағат оқығаны жақсы, расында ол жиырма ракағаттың жартысы, қырық ракағттың жартысының жартысы. Егер де қырық ракағат оқитын болса оның еш әбестігі жоқ, ол рұқсатетілген іс болып табылады. Ол жайлы Имам Ахмад ибн Ханбалдан басқа көптеген ғалымдардан жеткен. Енді кім де кім Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (салаллаһу әләйһи уәсәлләм) тек белгілі бір ракағат намаз оқыды, одан көп қылып немесе аз қылып оқымаған деген ол кісінің қатты қателескені. Осы айтылған хадистер мен сөздерден кейін біз айтылған әлсіз көзқарастарда келген сөздерді алмаймыз, сол секілді таласты мәселелерді де, себебі расында таластар, сөздер дін істерінде үмметті жоқ қылатын іс болып табылады. Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (салаллаһу әләйһт уәсәлләм) хадтсінде айтқандай; Тура жолға түскеннен кейін адамдар, қауымдар тек қана талас-тартысқа түсіп, бөлініп тура жолдан таяды, адасады.

Содан кейін Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (салаллаһу әләйхи уәсәлләм)  Алла Тағаланың мына аятын оқиды; «Олардың сондағы бар ойы сенімен сөз таластыру ғана, одан басқа түк те емес . Сөз таластыруды былай қойғанда, олар жанжалға жаны құмар, барып тұрған сотқар қауым».(Имам Тирмизи өзінің тәпсір кітабының үш мың екі жүз елуінші бетінде келтірген, Және Ибн Мәжә «Бидғаттан аулақ болу» атты еңбегінде келтірген, Және Имам Ахмад өзінің«Муснад» атты еңбегінде айтқан, сонымен қатар оның тізбегі, жету жолы сахих(дұрыс) деп айтқан). Және Пайғамбарымыз Мұхаммед (салаллаһу әләйһи уәсәлләм) өзінің хадис шәрифінде «Расында сендерден алдынғы қауымдардың құрып кетуіне себеп болған нәрсе ол кітапқа қарсы шыққандарынан»- деген .

Қазіргі жастарға амал істеп жүрген ғұлама-ғалымдардың сөзін алып, ыждахатты имамдардың айтқандарына жармасуы міндет болады. Расында ол кісілер дін ісінің майталмандары, мамандары діннің бұйырғанын, әмірлерін жақсы түсінді. Адасқан қауымның ойларына, сөздеріне еруден аулақ болыңдар деген. Олар діннің атын жамылатындар, яғни өздерін жақсы қылып көрсетіп, өздері ондай емес жандар. Ілім үйренушілер олар сондай ілімді ғалымдардың ойларын жасауға шақыратындар. Олардың дәлелдері адасқан мәзһабтың артынан еруге және сонда қалуға шақырады. Алла Тағала бір мәселе болса ілім иелеріне, мамандарға жүгінуге бұйырды. Алла Тағала қасиетті Құранда Әнбия сүресінің жетінші аятында: (Уа, Мұхаммед! Ол мүшріктердің сенің пайғамбарлығыңды қарапайым пенде болғаның үшін қабылдамауы қисынсыз әрі негізсіз). Сенен бұрын жіберген елшілеріміз де тек (өзің сияқты) Біз уахи беріп отырған ер кісілер болатын. (Ей кәпірлер һәм басқа да адамдар,) егер (бұл ақиқатты) өздерің білмесеңдер, (уахиге сүйенген иләһи ілімнен сусындаған) шынайы ілім иелерінен сұраңдар!-деген.

Түйіні:

Расында қазіргі күніміздегі шығыстағы және батыстағы мұсылмандар тарауих намазын жиырма ракағат қылып оқып жатыр. Ал оған кітаптарда дәлелдер келген. Және осы ойды Ғалымдар және әділетті халифа Омар Әл-Фаруқ (Алла Тағала ол кісілерден разы болсын) осы пікірді ұстанған.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (салаллаһу әләйһи уәсәлләм) хадисінде «Сендерге менің сүннетімді ұстану және менен кейін келетін турашыл халифалардың артынан жүру міндет болады»- деген.

Бағылан Болатбекұлы,

Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінің ұстазы