Алматы облысында XV республикалық Құран байқауының іріктеу кезеңі басталды
ҚМДБ Алматы облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша XV республикалық Құран байқауының облыстық іріктеу кезеңі басталды. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан рухани сайысқа өңірдің әр аймағынан келген қари және қарилыққа талаптанған шәкірттер қатысуда.
Аталған байқау Құран Кәрімді насихаттау, жастардың қасиетті кітапқа деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру, сондай-ақ дарынды қари шәкірттерге қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылуда. Сайыс барысында қатысушылар Құран Кәрімді жатқа оқу және мәнерлеп оқу номинациялары бойынша бақ сынауда.
Байқау бірнеше бағыт бойынша өткізілуде. Атап айтқанда, қатысушылар мәнерлеп оқу, 10 пара, 20 пара және толық Құранды жатқа оқу аталымдары бойынша өнер көрсетуде. Қазылар алқасы үміткерлердің тәжуид ережелерін сақтауына, оқу мәнеріне, мақамына және жаттау деңгейіне ерекше мән беруде.
Алматы облысында бастау алған бұл рухани дода жас қарилардың талабын шыңдап, олардың діни білім мен рухани тәрбиеге деген ынтасын арттыруға өз үлесін қоспақ. Байқау жеңімпаздары республикалық кезеңге жолдама алады.
Алла Тағала барша қатысушыларға ілім, ықылас және сәттілік нәсіп етсін!


