preloader

Жаңалықтар

«30 күнде 30 баспана»: Діни қызметкерлерге қызметтік баспана берілді

«30 күнде 30 баспана»: Діни қызметкерлерге қызметтік баспана берілді

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының бастамасымен «30 күнде 30 баспана» республикалық акциясы аясындағы кезекті баспана Алматы облысында берілді.

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай ұйымдастырылған игі шараға Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы, Талғар ауданының бас имамы Нұржан Пірәліұлы, «Зекет және қайырымдылық» қорының жергілікті өкілі Ринат Маратұлы қатысып Талғар қаласындағы «Биеке батыр» мешітінің бас имамы Сламақун Асиғатқа жаңа қызметтік баспананың кілтін табыс етті.

Өңіріміздің бас имамы Мадияр Тағайбайұлы осы шараның маңыздылығын түсіндіріп, демеуші болған жанашыр жандарға алғыс айтып, бұл үйдің осы елді мекендегі руханиятқа, дінге қызмет жасайтын, шәкірт тәрбиелеп, болашақ қариларды Құран жаттауға баулитын имамдар мен ұстаздарға арналғанын жеткізді.