40 ОҚУШЫҒА “МЕКТЕПКЕ ЖОЛ” ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫМЕН КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Алматы облысы, Қарасай ауданы және кәсіпкер азаматтардың ұйытқы болуымен дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шараға ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры Алматы облысы бойынша жауапты өкілі Қаби Ринат арнайы қатысты. Жиналған жамағатқа «Мектепке жол» қайырымдылық шарасының мақсатын түсіндіріп, демеушілік көрсеткен жомарт жандарға алғыс айтты
Қайырымдылық шарасы аясында жағдайы төмен, көпбалалы отбасында тұратын 40 оқушыға (мектеп формасы, аяқ киімдері және жазу сызуға керекті жабдықтармен толтырылған мектеп сөмкесі) үлестіріліп, Балаларға көңілдерін көтеруге тәтті бәліштер таратылды. Жаңа оқу жылына дайындық жасап жатқан көп балалы, тұрмыстық жағдайы төмен отбасындағы балаларға мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатындағы қайырымдылық шарасына ата-аналар ризашылықтарын жеткізді.



