preloader

Жаңалықтар

ЖАМБЫЛ АУДАНЫ: АЛЛАНЫҢ 99 ЕСІМІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫС ӨТТІ

ЖАМБЫЛ АУДАНЫ: АЛЛАНЫҢ 99 ЕСІМІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫС ӨТТІ

Жамбыл ауданы «Шынасыл» орталық мешітінде Алматы облысы көлемінде «Алланың көркем есімдерін жатқа айту» бойынша сайыс өтті. Сайыс — «Ұлттық тәрбие – отбасынан басталады» тақырыбы аясында ұйымдастырылды.

Ауданның бас имамы Бақыт Абдиисламұлы сайыста алғысөз сөйлеп, ұстаздар мен қатысушыларға сәттілік тіледі. Бақ сынауға Қонаев, Талғар, Еңбекшіқазақ, Іле, Қарасай, Жамбыл аудандарынан 9-17 жас аралығындағы жалпы саны 43 шәкірт қыздар қатысты. Сайыскерлерді бағалауға ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторы Алматы облысы бойынша жауапты маманы Назерке Әкішқызы, Мысырдағы «әл-Азхар» университетінің түлегі, араб тілі маманы Айгүл Нұрланқызы және Жамбыл ауданы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жауапты өкілі Роза Шалабайқызы төрелік етті.

Барлық қатысушылар ынталы дайындық пен зор жауапкершілік таныта білді. Алланың көркем есімдерін жаттап қана қоймай, оның мағынасына амал етуге бағыт алды. «Ең жақсы атаулар Аллаға тән. Оған сол аттармен жалбарыныңдар» (Ағраф сүресі, 180-аят) деп келгендей, әсерлі дұға оқып, тек қазақша ғана емес, арабша айтуға дағдыланды.

Көптің ішінен суырылып, жүзден жүйрік шапқандар төрт орын бойынша марапатталды. Бас жүлде Шамшадтинова Мерейге қаржылай 50 000 теңге бұйырса, І-орын (Еңбекшіқазақ ауданы)  Қуандыққызы Жібек 30 000 теңге иеленді. Жүлделі ІІ орын Арипханова Мадина (Қарасай ауданы), ІІІ-орын (Жамбыл ауданы) Марал Асма 20 000 теңге көлемінде жүлдеге ие болды. Және де барша қатысқан шәкірттер Құран кітабы мен арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Отбасы құндылықтарын сақтау мен дамыту тек қана бір тараптан болмауы тиіс. Ұлттық мүддені биік қоятын әрбір отбасы, әрбір азамат өзінің парызы ретінде санауы керек. Кез-келген отбасында өскен тәрбиелі, білімді ұрпағымыз еліміздің ертеңгі өмірінің қандай болатынының кепілі. Соның бір діңгегі – Раббысын таныған ұрпақ. Осындай шаралар арқылы баланың діни сауатын арттырып, танымын кеңейтуге мол мүмкіндік.