preloader

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АС БЕРУДЕГІ ДАСТАРХАН МӘЗІРІ БЕКІТІЛДІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АС БЕРУДЕГІ ДАСТАРХАН МӘЗІРІ БЕКІТІЛДІ

Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы діни рәсімдердің шариғатқа сай орындалуын тәртіпке келтіріп, ас берудің жалпыға ортақ, біріңғай мәдениетін қалыптастыру бойынша облыс тұрғындарына үндеу жолдады.

Алматы облысы бойынша ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың IV республикалық онлайн-форумында қабылданған «Ас беру мәдениеті» мен «Зират және зиярат» құжатын негізге ала отырып насихат жұмыстарын жүргізу қолға алынды. Осы жұмыстар аясында Алматы облысы бойынша асқа арналған дастархан мәзірінде ұлттық жеті тағам түрі ұсынылды.

Атап айтсақ:

  1. Ет, күріш.
  2. Шелпек, бауырсақ.
  3. Құрт, ірімшік.
  4. Май, қатық.
  5. Қант, науат.
  6. Құрма, өрік, мейіз.
  7. Шәй.

 

«Әр ауданда ақсақалдар, ардагерлер ұйымы  аналар комитетінің қолдауымен өткен жиындардың нәтижесінде аудан және Қонаев қаласының ел ағалары қолдау білдірді.  Осы қолдау көрсетілген ас мәзірін облыс бойынша насихаттау жұмыстары жүргізілуіне бір ауыздан келісім білдірілді», — деп атап өтті бас имам Мадияр Тағайбайұлы.