Әйел-қыздар секторы ерекше балаларға қуаныш сыйлады
ҚМДБ-ның Алматы облысы өкілдігіне қарасты Әйел-қыздар секторы және «Ықылас» қайырымдылық қоры «Имани жаз – 2023» бағдарламасы аясында мүмкіндігі шектеулі балалар үшін мерекелік шара ұйымдастырды.
Арнайы шақырылған аниматорлар ерекше балалардың көңіл-күйін көтерсе, Әйел-қыздар секторының жетекшісі Назерке Әкішқызы аналарға ислам дінінің ұстанымдарын түсіндіріп, психологиялық жұмыс жүргізіп, кеңестер берді. Шараға 20 ана және 50 бала қатысты.