preloader

Жаңалықтар

ӘЙЕЛДЕР ЖАМАҒАТЫНА «МӘЙІТТІ ЖУЫНДЫРУ ЖӘНЕ КЕБІНДЕУ» САБАҒЫ ӨТКІЗІЛДІ

ӘЙЕЛДЕР ЖАМАҒАТЫНА «МӘЙІТТІ ЖУЫНДЫРУ ЖӘНЕ КЕБІНДЕУ» САБАҒЫ ӨТКІЗІЛДІ

ҚМДБ Алматы облысы бойынша өкілдігі «Әйел-қыздар» секторы және «Заречный» мешітінің ұйымдастыруымен әйел- қыздар жамағатына арналған “Мәйітті жуындыру және кебіндеу” сабағы өткізілді.

Шара барысында “Заречный” мешітінің бас имамы Адембек Бейсен семинар сабағын қасиетті Құран аяттарымен ашып, “Жаназа және оның орындалу рәсімі” жайында баяндады.  Мешіт ұстазы Бақытнұр Нұрмағамбетова мәйітті кебіндеуге қатысты аят хадистерді айтып, толыққанды мәлімет берді. Қонақ ретінде шақырылған “Қапшағай” мешітің ұстазы Ахмадиева Гүлмира ұстаз және Қалиасқарова Гүлсім апа “Мәйітті жуындыру және кебіндеу” тақырыбында практикалық сабақ өткізді. Шара соңында тақырып негізінде сұрақ- жауаптар алмасып, белсенді болған шәкірттерге сыйлықтар берілді. Әрі қарай келген шәкірттерге алғыс айтылып, дастархан жайылды.