preloader

Жаңалықтар

«Әжелер мектебі – ұлт тәрбиесінің негізі» атты дөңгелек үстел өтті

«Әжелер мектебі – ұлт тәрбиесінің негізі» атты дөңгелек үстел өтті

«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінде «Әжелер мектебі – ұлт тәрбиесінің негізі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Алқалы жиынға Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы, Қонаев қалалық Аналар кеңесінің төрайымы Дәметкен Таласбекқызы, Аналар кеңесінің төрайымының орынбасары және Семей полигонынан зардап шеккендер ұйымының жетекшісінің көмекшісі Назым Сабазқызы, Қарасай ауданының ұстазы Мінәйім Арынқызы, Қарасай және Іле аудандарының аналары қатысты.

Жиын барысында қоғамдағы қыз балаларымыздың тәрбиесі, жас отбасыларға кеңес беру және жанұялардың ажырасуының алдын алу бойынша семинарларды өткізу мәселелері көтеріліп, бірқатар ұсыныс пікірлер айтылды.

Шара соңында облыс бас имамы аталмыш дөңгелек үстелді ұйымдастырған ізгі қоғам бағытына жауапты Дархан Аманұлына және өңіріміздегі Әйел-қыздар секторының жетекшісі Назерке Әкішқызына алғыс білдірді.