preloader

Жаңалықтар

Алатау қалалық “Қожа Ахмет Ясауи” мешітінде озат шәкірттер марапатталды

Алатау қалалық “Қожа Ахмет Ясауи” мешітінде озат шәкірттер марапатталды

 

2025 жылдың жаз мезгілінде ұйымдастырылған «Имани жаз – 2025» сауат ашу курсының белсенді де озат шәкірттері Алатау қалалық “Қожа Ахмет Ясауи” мешітінде салтанатты түрде марапатталды.

Шараға Алатау қаласының бас имамы Қуаныш Жұмаханұлы, мешіт ұстазы Бақытнұр Төлеуқызы және Үшқоңыр медресе-колледжінің түлегі Аружан Жұмағалиқызы қатысып, шәкірттерге рухани мотивация мен насихат айтты.

Салтанатты жиынның ашылуын Алатау қаласының бас имамы Қуаныш Жұмаханұлы жүргізіп, жастарға дін мен білімнің маңыздылығы жайлы жүрекжарды тілегін арнады.

Шара барысында ұстаз Бақытнұр Төлеуқызы қатысушыларды Құрбан айт мерекесімен құттықтап, бұл ұлық мерекенің артықшылықтары мен мән-мағынасы жайында тағылымды насихат жүргізді.

Марапаттау кеші шәкірттердің белсенді қатысуымен өткен тәрбиелік ойындармен, мақал-мәтел, салт-дәстүр, қазақ әдебиеті мен ақын-жазушыларына қатысты зияткерлік сұрақ-жауаптармен жалғасын тапты. Ойындар мен пікірталастар шәкірттердің білімін, тапқырлығын және ұлттық танымын арттыра түсті.

Шара соңында балаларға балмұздақ пен түрлі ынталандыру сыйлықтары тарту етіліп, батутта ойнап, көңілді уақыт өткізді. Иман мен қуаныш қатар өрілген бұл күн шәкірттер үшін ұмытылмас рухани естелікке айналды.