preloader

Жаңалықтар

АЛАТАУ ҚАЛАСЫ: ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫ МӘУЛІТ ҚҰРМЕТІНЕ БАС ҚОСТЫ

АЛАТАУ ҚАЛАСЫ: ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫ МӘУЛІТ ҚҰРМЕТІНЕ БАС ҚОСТЫ

Адамзаттың ардақтысы Мұхаммед Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған мәуліт айының құрметіне Алатау қаласында “Заречный” мешітінде дөңгелек үстел өтті.

Мешіт ұстазы Бақытнұр Нұрмағамбетованың ұйымдастыруымен өткен іс-шарада әйел- жамағаты арасында “Пайғамбар шаңырағының тәрбиесі” тақырыбында ой бөлісті. Шарада Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сара жолынан ғибраттар айтылып, мол мәліметтер берілді. Одан бөлек хатым дұғасы жасалынып “Исламдағы бала тәрбиесі” кітабы бойынша пікір алмасу өткізілді. Шара соңында Пайғамбарға деген сүйіспеншілігін ең жақсы жеткізген қатысушылар марапатталып, алғыс білдірілді. Жиын соңы ақ дастархан басындағы уағыз-насихатқа ұласты.