preloader

Жаңалықтар

АЛАТАУ ҚАЛАСЫ: “ДІН БІЛІММЕН НҰРЛАНАДЫ” АТТЫ БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТТІ

АЛАТАУ ҚАЛАСЫ: “ДІН БІЛІММЕН НҰРЛАНАДЫ” АТТЫ БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТТІ

Алатау қаласында діни білімді тереңдету мақсатында шәкірттер арасында “Дін біліммен нұрланады” атты білім сайысы ұйымдастырылды.

Іс-шара қасиетті Құран сүрелерінің оқылуымен басталып, Қожа Ахмет Ясауи мешітінің наиб имамы Бақытжан Нұрғалиұлы Құран оқыды. Одан кейін Ережеп ақсақал батасын беріп, жиынның берекелі өтуін тіледі.
Алатау қаласының бас имамы Қуаныш Жұмаханұлы жиналған шәкірттерге “Білім” тақырыбында тағылымды уағыз айтып, діни білімнің маңыздылығына тоқталды. Іс-шараның ұйымдастырушысы – Алатау қаласының әйел-қыздар секторының жауаптысы Бақытнұр Төлеуқызы болды. Білім сайысының әділдігін қазылар алқасы ретінде Рашитова Шөрет апай мен ұстаз Аружан Жұмағалиқызы қадағалады.
Сайыс екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде шәкірттер бұған дейін өткен тақырыптар бойынша тест тапсырды. Ал екінші кезеңде олар екі топқа бөлініп, сұрақтарға жылдам жауап беру арқылы өз білімдерін сынға салды.
Жарыс қорытындысы бойынша ерекше көзге түскен шәкірттерге “Ең жылдам топ” және “Ең үздік білімді шәкірт” номинациялары бойынша алғыс хаттар табысталды. Бұл игі шара шәкірттердің діни білімін жетілдіруге және ізденісін арттыруға үлкен серпін берді.