АЛАТАУ ҚАЛАСЫ. МЕМЛЕКЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕШІТКЕ КЕЛДІ
Алатау қаласы әкімінің орынбасары Г. Несіпбаева, Ішкі саясат бөлімінің басшысы А. Ақжігітов, Сәулет және қала құрылысы бас маманы А. Алиақбарова, Жер қатынастары бөлімінің бас маманы Д. Тұрғынбеков және “Мансап” орталығының басшысы Б. Семейғали, Жаңадәуір шағын ауданында орналасқан, “Айтақын ата” мешіне арнайы барды.
Алатау қаласының бас имамы Қуаныш Жұмаханұлы өкілдерді қарсы алып, қаладағы мешіттердің тыныс-тіршілігімен таныстырды. Қала әкімінің орынбасарының қатысуымен қалалық имамдармен кездесу өткізіліп, өңірдегі түйткілді діни мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланды. Өз кезегінде әкімшілік өкілдері өңірдегі діни ахуалды жақсартуға қатысты өз ұсыныстарымен бөлісіп, дін саласындағы түйткілді мәселелерде қажетті қолдау көрсететіндерін жеткізді.



