preloader

Жаңалықтар

АЛАТАУ ҚАЛАСЫ: ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

АЛАТАУ ҚАЛАСЫ: ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

Алатау қаласының “Қожа Ахмет Яссауи” мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, қырық шақты мұқтаж жанға қыстық аяқ киімдер табысталды.

Алатау қаласының бас имамы Қуаныш Жұмаханұлының бастамасымен жүзеге асқан шараның басты мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға көмек көрсету және қыстың суығында оларды жылы жабдықтармен қамтамасыз ету.
Қайырымдылық акциясына Алматы қаласының кәсіпкерлері мен мешіт жамағаты белсенді түрде қатысып, мұқтаж жандарға көмек қолын созды. Аталған шараға көпбалалы отбасылар, зейнеткерлер және ерекше жағдайға тап болған тұрғындар тартылды.
– Қайырымдылық – қоғамдағы мейірімділікті, ынтымақ пен бірлікті нығайтуға арналған ең жақсы жолдардың бірі. Біздің басты мақсатымыз – Алланың разылығына жету және мұқтаж жандарға қуаныш сыйлау. Осындай шараларды болашақта жиі ұйымдастыратын боламыз, – деді Қуаныш Жұмаханұлы.
Шара барысында көмек алғандар ризашылықтарын жеткізді. “Қыстық аяқ киімге мұқтаж едік. Осындай көмек көрсеткен жомарт жандарға алғысымыз шексіз”, – деп ризашылығын білдірді.
Бұл қайырымдылық шарасы Алатау қаласы тұрғындарының арасындағы ауызбіршілік пен жанашырлықты нығайтты. Алдағы уақытта да “Қожа Ахмет Яссауи” мешіті осындай игі істерді жалғастыруды көздеп отыр.