АЛАТАУ ҚАЛАСЫ: ШАХМАТТАН ЖАРЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Алатау қаласы, Ынтымақ шағын ауданындағы мешіт қабырғасында шахмат сүйер балалардың басын қосқан тартысты дода өтті. Ой-өрісті шыңдап, ізгілікке бастайтын бұл жарыс — жас буынға серпін берген игі бастама.
Белгілі бапкер Сеитов Қарлығаш ағаның шәкірттері тақта басында шеберлік танытып, ақыл ойынының тереңіне үңілді. Жарыстың шымылдығын Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы ашып, жастардың білімге, парасат пен спортқа ұмтылысы ел ертеңі үшін аса маңызды екенін жүрекжарды лебізімен жеткізді.
Қатысушылар марапатталып, үздік ойыншыларға арнайы сыйлықтар табысталды. Жарыс соңында ата-аналар мен көрермендер ұйымдастырушыларға алғыс айтып, осындай рухани әрі интеллектуалдық шаралардың маңызын ерекше атап өтті.
Ойлы ұрпақ — жарқын болашақ.



