АЛАТАУ ҚАЛАСЫ: “ТӘУЕЛСІЗДІК – ТӘҢІР БЕРГЕН ТӘТТІ СЫЙ” АТТЫ ИГІ ШАРА ӨТТІ
Алатау қаласы Ынтымақ ықшам ауданында орналасқан “Биләл ибн Раббах” мешітінің ұйымдастыруымен әйел- қыздар жамағатына “Тәуелсіздік – Тәңір берген тәтті сый ” тақырыбында игі шара өтті.
Шара барысында мешіт имамы Еркебұлан Ерболатұлы Тәуелсіздік құрбандарына арнап құран бағыштап, игі тілекпен ашылды. Одан бөлек Нұрмағамбетова Бақытнұр және Ақбаева Гүлжанат ұстаздардың ұйымдастыруымен балаларға тәуелсіздік күні құрметіне көк тудың суретін салуды тапсырып, одан әрі қызықты ойындармен жалғасты. Айта кетейік, үй тапсырмасы ретінде 40 парыз, Алланың 99 көркем есімдерін жаттап келуге тапсырма берілді. Шәкірттерді 2 топқа бөліп жарыс өткізіліп, шара соңында үздік шыққан жеңімпаздарды сыйлықтармен марапаттады.



