preloader

Жаңалықтар

АЛАТАУ ҚАЛАСЫ: «ЖАҚСЫ КЕЛІН — ЫРЫСЫМ» ТАҚЫРЫБЫНДА САЙЫС ӨТТІ

АЛАТАУ ҚАЛАСЫ: «ЖАҚСЫ КЕЛІН — ЫРЫСЫМ» ТАҚЫРЫБЫНДА САЙЫС ӨТТІ

Алатау қаласы “Қожа Ахмет Яссауи” мешітінің ұстазы Бақытнұр Нұрмағамбетованың ұйымдастыруымен ҚМДБ-ның «Жетіген» қайырымдылық мекемесінде “Жақсы келін- ырысым” тақырыбында әжелер мен келіндер арасында жарыс өтті.

Алатау қайырымдылық мекемесінде өткен жарыста бас имам Қуаныш Жұмаханұлы “Дін мен дәстүр” тақырыбында сөз өрбітіп, ауыл ақсақалы ақ батамен шара шымылдығын ашты. Ұстаз Бақытнұр Нұрмағамбетова “Ең үздік отбасы” тақырыбында сөз қозғап, исламда әйел адамның отбасындағы дәрежерлері туралы баяндады. Содан кейін жарыс ережелерін түсіндіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Әділқазы ретінде “Асыл аналар» қорының төрайымы Сауырбаева Риза және “Қапшағай“ мешітінің ұстазы Ахмадиева Гүлмира қатысты.

Жарыс 5 кезеңнен тұрды:

  1. Таныстыру;
  2. Өз өнері;
  3. Сұрақ- жауап;
  4. Бесік жыры;
  5. Ас мәзірі;

Белсенді әйел жамағаты 2 топқа бөлініп, аталған кезеңдер бойынша сынға түсті. Нәтижесінде “Білімді әже” , “Өнерлі әже”, “Инабатты келін”, “Ең үздік аспазшы келін”, “Дәстүрлі келін”, “Сымбатты әже” номинациялары анықталып, жарыс бойынша қорытынды жасалынды. Жеңімпаздарға арнайы сертификаттар мен сыйлықтар табыс етілді.