preloader

Жаңалықтар

АЛАТАУ ҚАЛАСЫ: ЖАТ ДІНИ АҒЫМДАРДАН САҚТАНДЫРУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

АЛАТАУ ҚАЛАСЫ: ЖАТ ДІНИ АҒЫМДАРДАН САҚТАНДЫРУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Алатау қаласында жат діни ағымдардан сақтану мақсатында маңызды семинар өтті.

Шараны Алматы облыстық “Қапшағай” мешітінің наиб имамы Талғат Абайұлы ұйымдастырып, дін қызметкерлерінің діни сауатын арттыруға баса назар аударды. Семинарда еліміздегі діни ахуал мен радикализмге қарсы тұру жолдары кеңінен талқыланып, нақты мысалдар келтірілді. Қатысушылар сұрақ қойып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Соңында ақпараттық материалдар таратылып, жүйелі жұмыс жалғасатыны айтылды. Бұл – Алатау қаласының рухани тұрақтылығын нығайтудағы маңызды қадам.