preloader

Жаңалықтар

АЛАТАУ ҚАЛАСЫНДА ПӘТУАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

АЛАТАУ ҚАЛАСЫНДА ПӘТУАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Алатау қаласы, Жаңаарна шағынауданындағы «Нұрманбай» мешітінде тағылымы мол пәтуалық семинар өтті. Дін қызметкерлеріне арналған бұл рухани жиынды Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінің наиб имамы, Пәтуа бөлімінің облыстық жауапты маманы Мағаз Серікұлы жүргізді. Ол қатысушыларға пәтуа беру әдебі мен заманауи діни сұрақтарға шариғи тұрғыдан жауап беру жолдарын жан-жақты түсіндіріп, мазмұнды мәліметтер ұсынды.

Семинардан кейін бесін намазына орайластырылған «Пәтуа сағаты» барысында мешіт жамағаты өздерін толғандырған діни сауалдарға нақты әрі дәйекті жауаптар алып, көкейдегі күпті сұрақтарына шынайы шариғи түсінік алды. Жамағат пен дін қызметкерлері осындай рухани шаралардың маңызын ерекше атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.