Алатау қаласында уақыпнама табыс етілді
Алатау қалалық «Қожа Ахмет Ясауи» мешітіне қазақ үй уақып еткен Әбілмәжінұлы Ақай ақсақалдың игі ісі ерекше құрметпен аталып өтті.
Ізгі амалдың рәсімі ақсақалдың өз шаңырағында ұйымдастырылды. Салтанатты жиында «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының Алматы облысы бойынша жауапты маманы Нұртай Иманберлинов уақып дәстүрінің айғағы – уақыпнаманы Ақай ақсақалдың қолына өзі табыс етті.
Қазақы рухты дәріптейтін бұл қайырымды қадам мешіт жанындағы рухани-мәдени іс-шаралардың жандануына жол ашып, ата-баба аманатын жаңғыртуға зор үлес қоспақ.



