Алатау қаласындағы мешіттерге жұмыс сапары жасалды
Алматы облысы өкілдігінің тәртіптік кеңес мүшесі Ринат Маратұлы жұмыс сапарымен Алатау қаласына келді. Қонақты қаланың бас имамы Қуаныш Жұмаханұлы қарсы алды.
Сапар барысында кеңес мүшесі қала аумағындағы Қоянқұс шағынауданы “Абахалис Кәрімұлы” мешітіне, Жаңадәуір шағынауданы “Айтақын ата” мешітіне, сондай-ақ Ынтымақ және Жаңаталап шағынаудандарында орналасқан мешіттерге барып, олардың қызметімен танысты.
Кездесу кезінде мешіттердің қысқы маусымға дайындығы, ішкі және сыртқы тазалығы, кезекшілік кестесінің сақталуы, кітаптардың сараптамадан өту барысы, сондай-ақ құжаттандыру жұмыстарының жүргізілуі назарға алынды.
Сонымен қатар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен тұғырнамалық және концептуалды құжаттардың мешіт сөрелерінде болуы және оларды жамағат арасында кеңінен насихаттаудың маңыздылығы атап өтілді.
Аталған құжаттар қатарында:
- «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы»;
- «Мұсылманның тұлғалық бейнесі»;
- «ҚМДБ этикасы»;
- «Имамның тұлғалық келбеті»;
- «Діни рәсімдер тізілімі»;
- «Діни лауазымдар»;
- «Жеті рухани қазық»;
- «Ас беру мәдениеті»;
- «Зират пен зиярат мәдениеті»;
- «Зияткер имам тұжырымдамасы»;
- «Құдайы ас беруде ысырапқа жол бермеу» (тәртібі мен мәзірі);
- «Қазақ халқының дәстүрінде және ислам дінінде отбасы құндылығы тұғырнамасы»
сынды маңызды еңбектер бар.



