preloader

Жаңалықтар

АЛАТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ “БЕЛСЕНДІ ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫ” МАРАПАТТАЛДЫ

АЛАТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ “БЕЛСЕНДІ ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫ” МАРАПАТТАЛДЫ

Алатау қаласының мешіт жамағатындағы әйел қауымының белсенділігі жоғары бағаланды. Алатау қалалық “Қожа Ахмет Ясауи” мешітінде өткен арнайы шарада “Белсенді әйел жамағаты” құрамындағы жамағат өкілдері марапатталды.

Бұл марапат Алатау қаласының бас имамы Қуаныш Жұмаханұлының және Алатау қаласы Әйел-қыздар секторының жауаптысы Бақытнұр Төлеуқызының бастамасымен ұйымдастырылып, мешіт өміріндегі белсенді қызметі, қайырымдылық іс-шараларға атсалысуы және діни-рухани білім алуға қосқан үлесі ескерілді.  Шара барысында имам Қуаныш Жұмаханұлы әйел жамағатының қоғамдағы орны мен маңыздылығына тоқталып, олардың игі істері Алла разылығы үшін жалғасатынына сенім білдірді. Сонымен қатар, белсенді жамағат мүшелеріне алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Мешіт жамағаты алдағы уақытта да бірлік пен ізгілікті насихаттап, қоғамға пайдалы іс-шаралар ұйымдастыруды жалғастыратынын жеткізді.