preloader

Жаңалықтар

АЛАТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ИМАМДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

АЛАТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ИМАМДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Алматы облысы өкілдігінің бас имамы Мадияр Тағайбайұлы Алатау қаласына жұмыс сапарында имамдарға «ҚМДБ қабылдаған Концептуалды  құжаттарды  түсіндіру» жиынын өткізді.

ҚМДБ қабылдаған Концептуалды  құжаттарды қала имамдарына түсіндіріп, құжаттардың маңызы мен мәніне кеңінен тоқталды. «Діни лауазымдар тізілімі» мен «ҚМДБ қызметкерінің этикасы» құжаты жайында баяндап, мүфтият жұмысы мен имамдардың қызметін жетілдіруге және жамағат арасында ислам құндылықтары бен ата-бабамыз ұстанған салт-дәстүрді дәріптеуге бағытталған концептуалды құжаттарды насихаттау керектігін айтты. Сонымен қатар мүфтият бекіткен жылдық жоспар негізіндегі іс-шараларды атқаруда белсенділік танытуға шақырды. 5-бағыт бойынша алдағы айлардың жұмыс барысын пысықтауды тапсырды.

Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы кездесу соңында ағымдағы жылда атқарылған іс-шаралар мен алдағы жұмыс жоспары бойынша нақты тапсырмалар берді.