preloader

Жаңалықтар

АЛАТАУ ҚАЛАСЫ:ҚҰРАН САЙЫСЫ ӨТТІ

АЛАТАУ ҚАЛАСЫ:ҚҰРАН САЙЫСЫ ӨТТІ

Алатау қаласында өткен “Рамазан-құран айы” аясындағы мешіт шәкірттерінің арасындағы құран сайысы қала жұртшылығына ерекше әсер қалдырды. Бұл шара қалалық “Қожа Ахмет Ясауи” мешітінде өтті. Қаладағы барлық мешіттерден білім алып жатқан шәкірттер арасында ұйымдастырылған сайысқа Алматы облыстық “Қапшағай” мешітінің наиб имамы Сәкен Еншібайұлы арнайы қатысып, құран сайысының маңыздылығына тоқталып, діни білімнің насихатталуы туралы сөз сөйледі. Ол сондай-ақ, Діни оқу ағарту бағыты бойынша 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын баяндап, шәкірттерге ақыл-кеңестерін берді.

Сайысқа Алатау қаласының барлық мешітінің шәкірттері белсене қатысып, өз білімдері мен дағдыларын көрсетті. Әділқазылар алқасы да сайыстың деңгейін жоғары бағалап, әр қатысушының өнерін әділ бағалады. Әділқазылар құрамында Сәкен Еншібайұлы, Алатау қаласының бас имамы Қуаныш Жұмаханұлы, Түркиядан келген Кемаль қари және Алатау қалалық “Қожа Ахмет Ясауи” мешітінің наиб имамы Бақытжан Нұрғалиұлы болды.

Сайыс нәтижесінде жеңімпаздар анықталды. Бірінші орынды Қоянқұс шағын ауданы “Абахалис Кәрімұлы” мешітінің шәкірті Абдурахман Ислам жеңіп алды. Екінші орынды Дәулет шағын ауданынан келген Амантұрды Мейірбек иеленсе, үшінші орынды Ынтымақ шағын ауданынан Тұрлыбай Абдурахман, төртінші орынды Қоянқұс шағын ауданының шәкірті Жұмахан Дарын жеңіп алды.

Бұл іс-шара қала тұрғындары үшін ерекше маңызы бар рухани оқиғаға айналып, жастар арасында Құранды оқу мен түсінудің маңыздылығын арттыруға зор үлес қосты.