preloader

Жаңалықтар

Алатауда бас имам жұма уағызын жүргізді

Алатауда бас имам жұма уағызын жүргізді

Алатау қалалық «Қожа Ахмет Ясауи» мешітінде Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы жамағатпен жүздесіп, жұма уағызын жүргізді. Бас имам өз сөзінде қазақ руханиятында ерекше орны бар Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының мұрасы туралы кеңінен баяндап, оның еңбектеріндегі имани құндылықтар мен тағылымды ойларды жамағатқа жеткізді.

Жұма намазынан кейін мешіттің күрделі жөндеу жұмыстарына қолдау көрсеткен азаматтарға алғыс хаттар табысталды. Мадияр қажы Тағайбайұлы демеушілерге ризашылығын білдіріп, мешіт ісіне қолдау көрсету – сауапты амал екенін атап өтті.

Сондай-ақ жұма рәсімінен соң өмірден өткен дін қызметкерлерін еске алу шарасы өтті. Дастархан жайылып, Құран бағышталды. Ақсақалдар бата беріп, ел тыныштығы мен жамағаттың бірлігі үшін дұға жасады.

Алатау қалалық мешітінде ұйымдастырылған бұл рухани шара жамағаттың ынтымағын арттырып, имандылық пен рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталды.