preloader

Жаңалықтар

Алатауда жас отбасыларға арналған семинар өтті

Алатауда жас отбасыларға арналған семинар өтті

Алатау қаласы, Жаңадәуір шағын ауданындағы «Айтақын ата» мешітінде жас отбасыларға арналған тағылымды семинар өтті. Шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жариялаған «2025 жыл – Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты – жаңадан шаңырақ көтерген жұбайлардың жауапкершілігін арттырып, ислам негізінде сыйластық пен отбасы құндылықтарын нығайту.
Іс-шараға Алатау қаласының бас имамы Қуаныш Жұмаханұлы, облыстық жауапты мамандар Ербол Серікбайұлы мен Мейрамбек Ақылбекұлы, мешіт қызметкерлері және жас отбасылар қатысты.
Бас имам Қуаныш Жұмаханұлы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жариялаған «Ислам және отбасы құндылығы» жылының маңыздылығын атап өтті.
Ербол Серікбайұлы ихсан ұғымын түсіндіріп, оны отбасы өмірінде жүзеге асыру жолдарын айтты.
Мейрамбек Ақылбекұлы ислам мен ұлттық дәстүрдің байланысын ашып, ата-баба мұрасын дәріптеудің мәнін жеткізді.
Семинар соңында қатысушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, отбасы татулығын сақтау жөнінде пайдалы кеңестер алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар жастардың имандылыққа, татулыққа және берекелі отбасы құруға деген ынтасын арттыруға сеп болады.