«АЛЛАНЫҢ КӨРКЕМ 99 ЕСІМІН» ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСЫ ӨТТІ
Алматы облысы, Іле аудандық «Сәбденұлы Өтеген батыр» мешітінің ұйымдастыруымен «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында аудан деңгейінде жамағат арасында «Алланың 99 көркем есімін» жатқа оқу сайысы өтті.
Іс-шара қасиетті Құран аяттарын оқуымен басталып, Даулетияр Сағитжан мырза батасын берді.
Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы Алланың есімдерін жатқа білудің маңыздылығы жайлы насихат айтып, қатысушыларға сайыстың шарттарын түсіндірді. Жалпы Іле ауданына қарасты 23 ауылдан 24 үміткер қатысты. Толықтай арабша аттары айтылып, қазақша мағынасы сұралды.
Жүзден жүйрік саналып, сайыста өзін жақсы көрсетіп бірінші орын алған Каз-ЦИК ауылынан Кәрім Нұрсұлтан Ұмра қажылығына жолдаманы иеленді. Екінші орынға Ақши ауылынан Жұмабек Шағатай (70 000 тг) қол жеткізсе, үшінші орынды Көкқайнар ауылдық мешітінің шәкірті Тоқтамыс Нұрдаулет (50 000 тг) қанағат тұтты.
Сайыс соңында келген жамағатқа бата беріп, дұға жасалды.




