preloader

Жаңалықтар

Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінде Құрбан айт намазы оқылды

Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінде Құрбан айт намазы оқылды

Бүгін мұсылман қауымының ұлық мерекелерінің бірі – Құрбан айт мейрамы басталды. Алматы облысы бойынша таңғы сағат 06.00-да мешіттерде айт намазы оқылып, ұлық мереке құлшылықпен бастау алды.

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы жамағатты Құрбан айт мерекесімен құттықтап, құлшылық үйіне жиналған қауыммен бірге айт намазын оқыды.

Айт намазынан кейін облыс бас имамы құтпа оқып, көпшілікпен бірге дұға жасап, еліміздің амандығы мен жеріміздің тыныштығын тіледі.

Осыдан кейін айт мерекесі басталып, барлық мұсылман қауым бір-бірін шын ниетімен құттықтасып, елге, халыққа амандық саулық тілесті.